ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ДАУ
Оралда тағы да қоғамдық көлікте дау шықты. Кеше №12 автобустағы екі жасөспірімді қоғамдық көлік бақылаушысы жолақысын төлемегені үшін ұрып соққан. Бұл туралы ақпарат «Мой город» және «Жалбы уральск» әлеуметтік желілерін де жария болды. Осы орайда жауапты сала мамандары оқиғаның мән-жайын анықтауға тырысқан. Шынтуайтында оқиға қалай өрбігенін мамандар айтып берді.

Оқиға куәгерлерінің таратқан бейнежазбасына назар аударсақ, қос жасөспірімге көрсетіліп жатқан әлімжеттікті байқауға болады. Яғни №12 қоғамдық көлік жүргізушісі мен контролері жалақы төлемеген жасөспірімдерге күш көрсетуде. Осы бейнежазба жарияланғаннан-ақ тұрғындар арасында алып қашпа әңгіме желдей есті. Сала мамандары мәселенің мән-жайын анықтап, «Орал Авто Тарнс» ЖШС не тиіселі №12 қоғамдық көлік жүргізушісі мен контролерінен жауап алған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Меңеевтің айтуынша жасөспірімдер түсқайта Юбилейная аялдамасынан Орталық базарға дейін келіп, қолдарында ақшалары болғанына қарамастан жолақы төлеуден бас тартқан. Сол себепті қоғамдық көлік иесі тәртіп сақшыларын шақырады. Осы арада түсініспеушілік туындайды.
– Екі жасөспірімнің қолдарында 1000 теңге ақшалары болған. Десе де олар діттеген жерлеріне келген соң, жолақы төлеуден бас тартқан. Көлік жүргізушісі полицияға хабарласады. Тәртіп сақшылары келгенше олар контролермен жаға жыртысады. Кейін оқиға ушығып кетпес үшін оларды автобус жүргізушісі жібере салады. Сонымен қатар олардың химиялық токсинді заттар пайдаланғыны да білініп, мүлкіп тұрған. Ал әлеуемттік желідегі тараған бейнеүзікті оқиғаның қалай өрбігені дұрыс баяндалмаған,– деді Айдар Қазбекұлы.
Тағы бір ескеретін жәйт қандай да бір ақпаратты желілерге таратпас бұрын оқиғаның мән жайна қанық болу керек дейді сала мамандары. Естеріңізге сала кетеміз қоғамдық көлікте осындай жағдай жыл басында да орын алған болатын. Онда №2 қоғамдық көлік контралері мектеп оқушысын 40 теңгесі болмағын үшін қақаған аязда түсіріп тастаған еді.
Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ,
сурет ашық дереккөздерден алынды
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу