№5 4.02.2016 Сенім жүгін арқалаған Салтанат
«Біз жанбасақ лапылдап, ол жанбаса лапылдап, аспан қалай ашылмақ» деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, қазіргі таңда Елбасымыз сенім артқан, келешегінен үкілі үміт күткен жастар біздің Ақ Жайық өңірінде өте көп. Солардың бірі – іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсіп, қоғамдық жұмыстардың ұйытқысы, белсендісі атанған Салтанат Асқарқызы Тұманбаева. Алғыр қыз бүгінде Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қорының директоры қызметін мінсіз атқарып келеді.
Салтанат 1989 жылы дүниеге келген, Орал қаласының тумасы. Қарапайым отбасында туып-өскен. Әкесі Асқар Найзаұлы көлік жүргізушісі болса, анасы Әлия Батырғалиқызы қиындығы көп маман иесі – құрылысшының бірі. Салтанат пен Самалды тәрбиелеп өсірген ата-ана көз қуаныштарының әр қадамына, жетістігіне қуанып, қарлығаштарының амандығын тілеп отырады.
Салтанат қаланың қақ ортасында өссе де, жылы ұядан қазақы тәрбие алған, халқымыздың салт-дәстүрін санасына сіңіріп өскен. Ол мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсанов атындағы №36 қазақ мектебін абыроймен бітіріп, білімін байырғы оқу ордасы – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жалғастырды. Мұнда «Ақпараттық жүйелер» мамандығының бакалаврын үздік дипломға тәмамдап, осы мамандықтың магистратурасында оқыды. Нәтижесінде техника ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін қорғады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу