8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Маусым 2019 1517 0
Дені сау ұлт

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ТЕГІН КӨМЕК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ПАКЕТТЕРІНІҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ БЕКІТІЛДІ

Ағымдағы жылдың 18 маусым күні Қазақстан үкіметі келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК және МӘМС) шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін бекітті.

«Аталған екі пакеттің айырмашылығы қандай? Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті минималды стандарттардан тұрады. Мысалы: шұғыл көмекке зәру азаматтарға медициналық көмек көрсету, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу, мемлекеттің араласуын қажет ететін қиын жағдайға душар болған науқастарға көмек көрсету т.б. Сақтандыру пакеті пациенттердің өмір сапасын жақсартып, ұлт болашағының негізін қалауға бағытталатын өзге де көмек түрлерін қамтиды», – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

ТМККК пакетінің жаңа нұсқасын дайындау барысында тізімге енген барлық қызмет түрлері жан-жақты сарапталған.

«Пакеттердің жаңа үлгісін дайындау барысында министрлік бір жарым жыл бойы медицина саласы өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеді. Атап айтқанда, қызметтерді сатып алу, ақы төлеу, мониторинг процесін жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. МӘМС жүйесін енгізуге дайындығымыз жоғары деуге болады», – деді министр.

Айтуынша, жаңа пакеттер биыл күзде еліміздегі аймақтардың бірінде пилоттық режимде іске қосылмақ.

«Бұл жүйенің «осал тұстарын» тауып, проблемаларды 2020 жылға дейін, яғни міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін толыққанды енгізгенге дейін шешуге мүмкіндік береді», – деп қосты Елжан Біртанов.

Жүйе 2020 жылдан бастап Қазақстанның барлық аймақтарында іске қосылады.

«Еліміздің барлық азаматтары пайдалана алатын кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне жедел жәрдем мен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек енген. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен созылмалы аурулардың негізгі түрлерімен ауыратын тұрғындар осы пакет шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмекпен, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамтамасыз етіледі. Амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, туберкулезге шалдыққандарды оңалту қызметі де осы пакетке кіреді», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова.

МӘМС пакеті: консультативтік-диагностикалық көмек, соның ішінде бағасы қымбат болып келетін зертханалық қызмет түрлерін, ТМККК енгізілмеген сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ТМККК пакетіне жатпайтын жағдайларда жоспарлы стационарлық және стацинарды алмастыратын көмекпен қамту, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлерін қамтымақ.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап кепілдендірілген тегін көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржы операторы болып табылады. ТМККК шеңберінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер бюджет қаржысы есебінен, МӘМС пакетіне енетін қызметтер – Қордың активтері есебінен сатып алынады.  Қазіргі таңда Медициналық сақтандыру қорына Қазақстан бойынша 176,7 млрд теңге көлемінде жарна аударылды, оның ішінде батысқазақстандықтардың жарна аударымдары 5,6 млрд. теңгені құрады. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
240 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
246 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
534 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1005 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1382 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1238 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1740 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2359 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2522 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2529 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2581 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2585 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2153 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3063 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3118 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3109 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3730 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3692 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3683 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3658 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3818 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»