КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА
Маусым айының басында Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) арасында «ӘREKET» гранттар байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Гранттың жалпы қоры 150 миллион теңгені құрайды.

Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 30 маусымда аяқталалды. Өтінім беру үшін КЕҰ өкілдері «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми сайтында, «Құжаттар» бөлімінде көрсетілген құжаттар пакетін жинауы қажет. Өтінімді электронды түрде (PDF форматы) areket.skt@gmail.com поштасына жіберу керек.
Бірінші кезеңде келіп түскен өтінімдер жобаның әлеуметтік маңыздылығы мен өзектілігі, сондай-ақ жоба бағытының КЕҰ-ның жарғылық мақсаттарына сәйкестігі, қызметкерлер командасының болуы, әлеуметтік проблеманы шешудегі шынайылығы мен бірегейлігі тұрғысынан қаралатын болады.
Өтінімдерді талдап, мұқият зерделегеннен кейін барлық айтылған критерийлерге сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар іріктелетін болады. Іріктелген үміткерлер екінші кезеңге өту туралы хабардар етіледі, онда оларға толық өтінім беру қажет болады.
Екінші кезеңде өтінімдерді іріктейтін арнайы құрылған комиссия болады, оған мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, әлеуметтік және бизнес секторларының сарапшылары кіреді. Іріктеудің басты критерийлерінің бірі КЕҰ ұсынған жобаның өміршеңдігі мен шынайылығы болады.
Содан кейін, байқаудың үшінші кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне үш күндік оқыту, одан кейін комиссия алдында әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша өз жобасын қорғау болады.
Жеңімпаздар өз ісін дамытуға 3 млн теңгеге дейінгі мөлшерде грант алады. КЕҰ жобасын іске асыру мерзімі – шарт жасалған күннен бастап 9 ай.
«Біздің мақсатымыз – коммерциялық емес ұйымдарды қаржылық тұрақты болуға үйрету. Бұл ретте біз оларды оқытамыз, барлық құралдарды қолға береміз және ең қызықты идеяларды дамытуға гранттар бөлеміз. Осылайша, біз екі мақсатқа қол жеткіземіз – әлеуметтік проблемаларды кәсіпкерлік дағдылар арқылы шешуге көмектесеміз және КЕҰ-ның өз бетінше дамуына мүмкіндік береміз. Грант көлемі жобаға байланысты 3 миллион теңгеге дейін болуы мүмкін», – дейді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Естеріңізге сала кетейік, «ӘREKET» жобасын «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Менің елім» Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асыруда.
Сұрақтар туындаған жағдайда, КЕҰ келесі байланыс нөмірі: +7 (7172) 57 63 05 (қазақ және орыс тілдерінде), 24 80 14 (орыс тілінде), 57 65 41 (орыс тілінде) (қоңыраулар Нұр-сұлтан уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) арқылы немесе areket.skt@gmail.com электронды поштасы арқылы хабарласа алады.
БАҚ өкілдері қосымша ақпарат алу үшін телефон арқылы хабарласыңыз: +7 (7172) 24-80-15, 8 771 850 19 90, e-mail: pr@sk-trust.kz
Бас менеджер Айжан Молдабаева
«Samruk-Kazyna Trust»
Әлеуметтік жобаларды дамыту
қорының Корпоративтік
коммуникациялар департаменті
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу