8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Маусым 2019 2111 0
Өзек

КӨЛІК АУДАРЫЛДЫ. ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАР

15 маусым күні көлік аударылып, жас ананың ес-түссіз жатқаны түсірілген видео таратылған болатын. Бүгін БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жол-көлік оқиғасы туралы мәлімдеме берді. 

Хабарламада айтылғандай, оқиға  15 маусым күні сағат 13.00 шамасында Ақсай-Федоровка автожолының 9-шы шақырымында болған. 1984 жылғы «Volkswagen sharan» маркілі автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол жанына аударылып түскен.
Жол-көлік оқиғасынан әр түрлі жарақат алған  1993 жылғы жолаушы Ақсай  қаласы ауруханасына жеткізілген.
Қазіргі уақытта Бөрлі аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс күндері жедел жәрдем шақырту бойынша 7 жол-көлік оқиғасы орнына барып, көмек көрсеткен. Екі күнде қала ішінде және қаларалық автожолдарда болған  жол-көлік оқиғалары салдарынан 21 адам зардап шеккен. Көз жұмғандар жоқ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»