8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 2332 0
Қоғам

Тірлігі қазақы отбасы

Сейфуллат пен Ирина Ыбыраевтар жас шаңырақ иелері болса да, отбасының қадірін жақсы біледі. Кішкентайларынан тағдырдың түрлі «сыйын» көрген жастар болашақта үлгілі жанұялардың біріне айналсақ деп армандайды.

Әлеуметтік желі табыстырған жұп

Ақтөбе өңірінің тумасы, Оралда әскери салада қызметте жүрген  Сейфуллат Ыбыраев өз бақытын сүйікті жары, орыс қызы Иринадан тапқан. Кейіпкерімізге достары «қалыңдықты өзге ұлттан неге таңдадың?» деген сауалды жиі қояды. Сол сауалдың жауабын жас жұбайлар шаттыққа толы тірліктерімен дәлелдеп келеді.

Сейфуллат пен Ирина қазіргі қоғамның қолданыс құралына айналған әлеуметтік желі арқылы танысыпты. Ғаламторда ұзақ уақыт виртуалды байланыс жасаған жігіт бейтаныс бойжеткеннің жүзін өз көзімен көруге асыққан. Алайда Ирина ару сезімін батылдыққа жеңдіре алмай, қарсылық танытқан. «Мен сені ешқашан ренжітпеймін» деп, әскери қызметкерлерше сөз берген Сейфуллат қалай да болашақ жарының сеніміне ие болуға тырысқан. Ирина жастайынан жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысқан. Салауатты өмір саласы ефрейтор Сейфуллатқа да жат емес. Спортқа қызығушылықтары ортақ жастар алғаш рет бетпе-бет стадионда кездесіпті. Күйеу жігіт бастапқыда бойжеткеннің жүрегін жаулауға тырысып, «орысша» тілін сындырып, біраз әуреленген. Сөйтсе, Ирина қазақ тілінде тәп-тәуір сөйлейді екен. Бүгінде бақытты отбасы сол алғашқы кездесулерін күле отырып, еске алады. – Иринаға сол кезде бір тіркесті орыс тілінде жеткізе алмай қиналдым. Қызарақтап қысылғанымды байқаған ол қазақша айта бер деген кезде таң қалғаным рас. Содан бас-тап мемлекеттік тілде сөйлесуге келістік, – дейді отағасы.

Қазаққа келін болған

Олар шаңырақ көтеру тойларын мейрамханада дүркіретіп жасамаса да, жұбайлық өмірлері берекеге толы. Себебі шын ғашықтар шынайы бақыттың аста-төк той дастарханында емес, ортақ түсіністік пен ауызбіршілікте екенін жақсы біледі. – Мен Иринаны бір көргеннен-ақ оның болашақ жарым, адал серігім болуға лайықты қыз екеніне күмән келтірмедім. Көз алдыма басына орамал байлап, маған шәй құйып отырған әдемі бейнесі елестеді, – деп есіне алды Сейфуллат алғашқы танысқан кезін. Араларындағы алты жас айырмашылық та, түрлері мен тілдерінің бөлектігі де олардың сезімдері мен жүректерінің тоғысуына кедергі келтіре алмаған. Осылайша отау құрған жас жұбайлар қазақылықтың иісі аңқыған шаңыраққа айналыпты. Өйткені, бір жыл бұрын заңды түрде некелерін қиған жас отбасы қазақ халқының әдет-ғұрыптарын берік ұстанады. Отбасылық өмірдің бірінші күнінен-ақ келін Ирина халқымыздың салт-дәстүрлерін егжей-тегжейлі үйренуде. Негізінен оған қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігі жаңалық емес. Мектепте оқып жүргенде Абай оқулары байқауына қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүрген ару сол кезде Ұлы ақынның сөздерін тереңірек ұғыну үшін қосымша әдебиеттерді парақтаған екен. Домбырада ойнауды да үйреніпті.
Енді қазаққа келін болған Ирина ерінің қас-қабағына қарап, үйлеріне келген мейманды жылы қарсылайды.

«Ұлымыздың тәрбиесін қолға аламыз»

– дейді жанұя жылуының қаншалықты қымбат екенін бала кездерінен ұғынған ерлі-зайыптылар. Отағасы әке-шешесінен ес білмей тұрып айы-рылса, жұбайы балалар үйінде өскен. Сейфуллаттың тәрбиесімен марқұм әжесі айналысқан екен. – Әжем ата-анамның жоқтығын білдіртпеді. Ол менің барлық жағдайымды жасап, қазақы тәрбиені бойыма сіңірді. Тарихи әңгімелерден сыр шертіп, ата-тегіміз жайлы көп айтатын, – деген кейіпкеріміз кейуананың орны өзі үшін бөлек екенін аңғартты.

Жалғыз сүйеніші – әжесі бақилық болған соң, Сейфуллат өмірдің ащы-тұщысына төзіп, көздеген мақсатына өз күшімен жетуді үйрене бастайды. Оның басты арманы – әскери адам болу еді. Алайда жоғары оқу орнына түсе алмай, әскерге барады. Отан алдындағы әскери борышын абыроймен өтеген соң «Батыс» өңірлік қолбасшылығына келісімшартпен қызметке кіріседі. Әскери формаға бала күнінен қызыққан сарбаздың арманы осылайша ақиқатқа айналады. Отанына адал қызмет етуге серт берген Сейфуллат содан бері осы салада еңбек етуде.

Отанасы Ирина кішкентай сәбилерді ерекше жақсы көретінін айтты. Ол арнаулы орта оқу орнында педагогика саласы бойынша білім алып жүріп,балабақшада тәжірибеден өткен күндерін еш ұмытпайды. Бөбектердің жарқын күлкісі, былдырлаған тілі, еркелеген түрі оған ерекше әсер етеді екен. Отбасын құрғаннан кейін де Ира тезірек ана болуға асыққан. Олардың тілегі қабыл болып, дүниеге Иса есімді ұлдың келуі шаңырақтың шаттығын еселей түскен. Әке атанған Сейфуллат баласын бірінші болып көру бақытына ие болыпты. – Жолдасым жүкті болған кезден бастап оған қолдау көрсетуге бел будым. Баламыз алғашқы минуттан-ақ ата-анасының өзін қалай жақсы көретінін сезінсе екен дедім. Соның нәтижесінде отбасының беріктігі нығая түсеріне сенімдімін, – деді отағасы.

– Орал қаласында дүниеге келген Исаны қазақтың салтына сай қырқынан шығарып, қырық қасық суға түсірдік. Барлық жоралғысын жасадық. Ұйқысы тыныш болсын әрі ауырмасын деп бесікке салдық, – деді нағыз қазақтың келініне айналған Ира. Кішкентайынан ата-анасын сарыла күткен жас ана ұлының тәрбиесіне баса назар аударады. – Балалар үйінен шыққан кезде бойымызда қорқыныш болды. Болашағымыз қандай болады деп алаңдадық. Ал қазір өз жанұям бар. Тәрбиелі келін, мейірбан ана болуға тырысамын. Қазақта «балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» деген керемет сөз бар. Соны әркез айтып жүремін, – деген Ирина халқымыздың даналық сөздерін де жаттап алыпты.

Жүрек қалауы, жанұя ұйытқысы

Әскери қызметте жүрген қожайынның көп уақыты түзде өтетіні белгілі. Күні кеше жүрек қалауымен тапқан сүйіктісі Ирина – бүгінде жанұясының ұйтқысы. Баласының сүйікті анасы. Әскери өмірге шынығып, темірдей тәртіпке мойынсұнған Сейфуллат Ыбыраев жауапкершілігі мол қызмет жүгін арқалауда. Ел-жұртының тыныштығын күзететін жауынгер өмірдегі басты байлығы – отбасының негізгі тірегі екенін ұмытпайды.

Сондықтан қолы қалт еткенде үйіне зайыбы мен перзентін көруге асығады. «Әр адам жанашыр жақындарына қамқорлық танытса, қоғамда неше түрлі оқыс оқиғалар орын алмас еді» дейді жас шаңырақ иесі. Расымен де, қоғамда сәбиінен безінген ана, безбүйрек әкелер туралы жан түршігерлік жағдайлар кеңінен сипат алуда. Ыбыраевтардың  ойынша, осындай жайттар отбасы мүшелері арасындағы салқын қарым-қатынас салдарынан болуда.

Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының екіншісі жексенбісі – Отбасы күні болып белгіленгені белгілі. Өнегелі жанұялардың ізін басқан осындай жас шаңырақтың келешекте мәуелі бәйтеректей жайқалып, тамырын тереңге жаярына сенеміз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
111 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
332 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
818 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1195 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1112 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1555 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2170 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2338 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2344 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2394 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2397 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2029 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2879 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2932 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2928 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3538 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3510 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3496 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3475 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3636 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3682 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»