8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Маусым 2019 2867 0
Өзек

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Демалыс күндері балалар үйде өздері ғана қалатыны белгілі. Балалармен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ата-аналар балаларының бос уақытында немен айналысатынын міндетті түрде бақылауда ұстауы керек. Сондықтан ескеруі қажет ережелер бар.

Бірінші, кезекте әр ата-ана баласына қысылтаяң жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін үйретуі керек. Үнемі тексеріңіз, шағын емтихан жасаған да жөн. Қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз орындаңыз. Өз балаларыңызға үлгі болыңыз.

Екіншіден, үйдегі көрнекі жерге барлық қажетті шұғыл телефондардың тізімін іліп қоюды алдын ала ойластырыңыз. Балаңыздың үйіңіздің мекенжайын білетініне көз жеткізіңіз.

Үшіншіден, балаларға отпен ойнаудың қауіпті екенін жиі есіне салыңыз.

Төртіншіден, балаларды тұрмыстық электр құралдарын дұрыс пайдалануға үйретіңіз.

Бесіншіден, баланы белгілі бір уақытқа тастап кетпес бұрын сіріңкенің жасырылғанын, газ бен электр құралдарының өшірілгенін тексеріңіз.

Есіңізде болсын өз балаңыздың өміріне Сіз ғана жауап бересіз!

Төтенше жағдай туындаған жағдайда ол туралы жедел түрде құтқару қызметінің «112»ұялы телефонына хабарлау қажет. БҚО ТЖ департаментіндегі дағдарыс жағдайында басқарудың жедел кезекшілігі тәулік бойы жұмыс жасайды: 51-42-22.

 Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
132 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»