8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Маусым 2019 1323 0
Қоғам

САЙЛАУ ҚАЛЫПТЫ ӨТТІ

                Дүйсенбі күні «Аманат» азаматтық платформасының облыстық өкілдігі өңріміздегі сайлау учаскелеріндегі тәуелсіз бақылау жұмыстарының нәтижесі туралы журналистермен брифинг өткізді.

Еліміздегі кезектен тыс ҚР Президенті сайлауы үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған «Аманат» қоғамдық ұйымының БҚО-дағы бөлімше кеңсесінің жетекшісі Асхат Өкшебаевтың мәлімдеуінше,  «Аманат» азаматтық платформасы облыстық өкілдігі сәуір айынан бері 40-тан астам іс-шара өткізген. Бақылаушыларды арнайы дайындау мақсатында өткен 9 тренинг нәтижесін берген.    –  БҚО-дағы 519 сайлау учаскесінде «Аманат» азаматтық платформасының 541 бақылаушысы сайлау процесін бақылады. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, журналистер, қоғам қайраткерлері, жастар, еріктілер болды. Мониторинг жасау жұмыстарын үйлестіру мақсатында облыста 38 мобильді капитан, бес үйлестіруші, БАҚ-пен байланыста жұмыс істейтін 12 ерікті және заңгерлер жұмыс істеген. Таңғы сағат бестен алтыға дейін сайлау учаскелерінің дайындықтары тексеріліп, алтыдан жетіге дейін урналардың бекітілуі, сайлау бюллетеньдерінің, тізімдерінің дайындығы қадағаланып, сайлау учаскелері жетіден бастап жұмыстарын бастап кетті. Облыстағы барлық сайлау учаскесі жұмыстарын уақытылы бастады. Ең қуантатыны, таңертеңгілік сағат 9 бен 12-нің арасында дауыс беруші азаматтардың учаскелерге көп келуі. Кейбір сайлау учаскесінде сайлаушылар кезекке тұрған жағдайлар болды. Біздің бақылаушылар осы кезекке қатысты ұсыныс-ескертпелерін айтып, түйткілді мәселелер көп кешікпей шешілді, – деді Асхат Өкшебаев. БҚО бойынша «Аманаттың» тәуелсіз бақылаушылары сайлау процесі барысында 53 ауызша ескерту беріліп, үш акт толтырылған.  Мәселен, Шыңғырлау ауданында әкесі екі қызымен бірге кабинаға кіріп кетуіне байланысты акт  толтырылған. Екі акт Орал қаласына толтырылған, яғни дауыс беруші тұлғаларға сайлау учаскесінің өзгертілгені жөнінде ақпарат, шақыру қағаздары берілмеген. Үш акт сайлау учаскелеріне, Орталық сайлау комиссиясына жолданған. «Аманаттық» бақылаушылар  сайлау уақыты біткеннен кейін де сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдер санағына қатысып, хаттамалар шығарылғанға  дейін бақылап, тиісті ақпараттарды жолдап отырған.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
181 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
178 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
658 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
733 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
747 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
774 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
792 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1160 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1289 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1321 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1597 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1603 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1737 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2028 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2128 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2152 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2363 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»