БҚО-ДА 100 АДАМ ҚЫЗЫЛША ЖҰҚТЫРҒАН
Батыс Қазақстан облысында биыл аса алаңдаушылық туғызып отырған қызылша ауруының 100 жағдайы тіркелген.

Сырқаттанғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 43 жағдай, 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 19 жағдай тіркеліп отыр. Қызылша жұқтырғандардың ең көбі облыс орталығының тұрғындары.
Сала мамандары ошақтарда індетке қарсы іс-шаралардың барлық кешенін жүргізді. Сырқаттанғандармен байланыста болған 1515 адамға медициналық бақылау орнатылған.Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қызылшаға қарсы 166 адам егілді. Оның ішінде 2 бала (үй ошағында) бас тартқандар қатарынан және екпеден бас тартқандардың арасында барлығы 39 бала қызылшаға қарсы егілді.
– Қызылша аурушаңдығының алдын алу мақсатында облыста 1 сәуірден бастап халықтың қауіпті топтарына қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізілуде. Әсіресе 9-10 айлық балалар мен медицина қызметкерлері бірінші назарға алынды. Сәуір-мамыр айларында барлығы 6273 адам егуге жоспарланған болатын. Оның 6086-сы иммундаумен қамтылды. Бұл 97 пайызды құрайды. 9-10 айлық балалардың ішінде 3161 бала жоспарланған болса, соның 3082-сі, яғни 97,5 пайызы егілді. Ал 2995 медицина қызметкерінің 2887-сі (96,4%) егілді, – деді Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ринат Құбатаев.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Казахстанцы своими голосами продемонстрировали настоящий патриотизм, поддержав все инициативы Главы государства – Олжас Бектенов о новой Конституции
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Олжас Бектенов
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественном мероприятии, посвященном принятию Конституции
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті

Кіру
Пікір үстеу