8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Маусым 2019 2712 0
Өзек

ОРАЛДА ЕКІ АДАМ СУҒА БАТЫП КЕТТІ

7 маусым күні суға батып кеткен ер адам әлі іздестірілде.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1999 жылғы азаматтың Орал қаласы Елизаров көшесі тұсынан Жайық өзеніне батып кеткені туралы хабар 7 маусым күні түскен. Сол күні сағат 15.20-дан бастап жедел-құтқару жасағы іздестіру жұмыстарын бастады. Әлі де іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ 8 маусым күні сағат 21.25-те Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері Орал қаласының  «Самал-3» шағын ауданын маңында Шаған өзенінен 50 жастағы азаматтың мүрдесін су түбінен шығарды. Ол  суға түсу үшін жабдықталмаған жерде шомылған. Әрі мас күйде болған.

Айта кетейік, 2019 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысының су айдындарында суға батудың 12 фактісі тіркелген. Суда көз жұмңғандардың үшеуі кәмелетке толмағандар. Сондай-ақ судағы оқыс оқиғалардың өткен жылғыға қарағанда арта түскенін атап өту керек. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 10 суға бату фактісі тіркелген. Олардың екеуі кәмелетке толмаған балалар болыпты.

Төтеншеліктер жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін суда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Төтенше жағдай орын алған кезде «112» және «101» нөмерлеріне хабарласу қажет.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Төтеншеліктер суға шомылу кезінде төмендегі ережелерді есте сақтау қажеттігін ескертеді:

  • Қоршау белгісінен әрі жүзбеңіз!
  • Тыйым салынған орындарда суға түспеңіз!
  • Суға шомылған кезде камераны, допты, тақтайшаны қолданбаңыз!
  • Көпірден, бөгеттен, қайықтан және катерден суға секірмеңіз!
  • Өтіп бара жатырған катердің,  қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз!
  • Таныс емес жерде сүңгімеңіз!  Суда тентектік жасауға жол бермеңіз!
  • Жалған дабыл бермеңіз!

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»