8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Маусым 2019 1769 0
Өзек

БҚО-ДА 10 АДАМ СУДА КӨЗ ЖҰМДЫ

2019 жылдың суға түсу маусымы басталысымен Батыс Қазақстан облысында 10 адам суға батып кетті, оның үшеуі бала. Бұл туралы бүгін өңірлік өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлім етті.

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы полковник М.Хайрекеновтың мәліметінше, департамент бөлімшелерінен суға түсу маусымы кезеңіндегі міндеттерді орындауға 70 құтқарушы, 27 жүзу құралы, 2 катер және 15 автокөлік дайындалған.  Жедел құтқару жасағы сүңгуірлері демалыс базалары иелерінің өтініштері бойынша жағажайлардың түбін тазарту жұмыстарын жүргізуде.

– Департамент қызметкерлері су айдындарында суға түсу ережелерін түсіндіру бойынша үнемі үгіт-нсихаттау рейдтік шараларын өткізеді, алайда,  атқарылып жатқан шараларға қарамастан облысымыздың су айдындарында 2019 жылдың суға түсу маусымы басталысымен 10 адам суға батып кетті, оның үшеуі бала. Орал қаласында – 3 адам, Ақжайық ауданында – 4 адам, Бәйтерек ауданында – 2 адам, Қаратөбе ауданында – 1 адам суда көз жұмды. Өкінішке орай, су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы,  мас күйде суға түсуі, суға түсуге тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылу, балалардың суда тентектік жасауы, – деді Максим Абатұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»