8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Маусым 2019 2425 0
Спорт

ШАҒАН ӨЗЕНІНІҢ ОҢ ЖАҒАЛАУЫ ЖАҢА СПОРТ АЛАҢДАРЫМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзенінің оң жағалауын дамыту жалғасуда. Бүгін оң жағалауды дамыту аясындағы екінші кезеңнің жоспары спорт саласының ардагерлері мен қала тұрғындарына таныстырылды.  

Қалалық мәдениет және демалыс саябағын кеңейту осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынып, 2017 жылы 2,7 шақырымдық велосипед жолы пайдалануға берілген еді.  Оның 400 метрі – балаларға арналған шағын айналым жолы. Жаңа орында асфальтты-бетонмен жабылған 800 метр қашықтықты қамтитын автокөлік жолы да салынды. Сондай-ақ қазір мұнда паркур, стритворкаут алаңы, футбол ойыны алаңы, скейтпарк бар. Қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұхамбетов таныстырып өткендей, биыл Бас жоспар аясында жағажай волейболы мен стритбол алаңы, автотұрақ, тир, дартсқа арналған нысандар салынады. Тамақтану орыны ұйымдастырылып, әжетхана мен жуыну кабиналары орнатылады. Сондай-ақ бұл орында ұлттық ойындарды дамытуға да жағдай жасалмақ. Ол үшін келер жылы асық ойыны алаңы дайындалатын болады. Страйкбол ойынына арналған орын бөлінеді. Сонымен қатар жарықтандыру жалғастырылып, саябаққа Зашаған кенті жағынан кіретін 6 шақырымдық жолға асфальт төселмек.

–  Шаған өзенінің оң жағалауы ашық аспан астындағы спорт орталығына айналды. Он шақты спорт түрі бойынша алаңдар ашылды. Бұған қаламыздың меценаттары және «Самұрық Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдау көрсетті. Кең аумақты қамтитын алаңда спортшылардың ғана емес, қала тұрғындарына отбасылық спортпен айналысуларына мүмкіндіктер жасалуда. Осы бағытта біз жаңа алаңдармен толықтыруды жалғастыратын боламыз. Елбасымыз, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев тұрғындардың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы қажеттігін тапсырды.  Спорт алаңы осы мақсатқа жету жолында серпін береді, – дейді қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

Жағалауда абаттандыру жұмыстары да қолға алынатын болады. Жоба толығымен жүзеге асырылса, бір мезетте 1500-2000 адамды қамтитын спорттық ойындар өткізуге мүмкін болмақ.

Бұл күні оң жағалауға жиналған спорт жаттықтырушылары да жағалауды дамыту жұмыстарына қатысты ұсыныстарын айтты. Мәселен, спорттық алаңдармен қатар қонақ үй, асхана салынса, жағалау жоғары деңгейдегі спорт жарыстарын ұйымдастыруға бейімделетін болады. Сондай-ақ бұл жергілікті спортшылардың табиғат аясында бекітілген тәртіппен үздіксіз дайындалуына қолайлы болмақ.

Шағанның оң жағалауын көп салалы спорт алаңына айналдыру жөніндегі жобаның иесі БҚО велоспорт федерациясының президенті Асқар Шораев бұдан әрі де дамыту жұмыстарына атсалысатынын айтып, спортты дамытуға жасалып жатқан жұмыстардың арқасында 2020 жылы бұқаралық спортпен айналасатын батысқазақстандықтардың үлесі  30 пайыздан асатынына сенетінін жеткізді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
73 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
283 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
775 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1151 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1079 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1511 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2127 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2294 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2301 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2350 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2355 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1995 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2836 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2890 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2886 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3494 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3465 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3453 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3432 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3593 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3639 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»