8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2019 4205 0
Қоғам

СЛУЖАК (әңгіме)

 Мира Шүйіншәлиева

Қырымбек Көшербаевқа

 

– Үмбеке?!

– ?

– Әу, Үмбеке?!

Білте шамның сығырайған жарығымен таңғы оразасын ашқан беті сол еді Үмбеттің. Айналасы қамыстан қоршалған қора жақтан біреулердің «Үмбекелеп» үздіккен даусы естілді.

– Бұл кім екен таңсәріден тағатсызданған?! Мана Ақмайлақ үріп еді. Сен де құйрығыңды көтермедің, – деп әйелі Тұрсын жыландай жиырыла қалды.

– Жә, кім болса да сыр берме. Ұят болар. Ешкім есік ашпастай қу молада отырған жоқпыз ғой. Тіпті ұры-қары болса да қай жиғаныңды жайпар дейсің, – деп Үмбет әлдене жақсылықты сезгендей жайбарақат отыра берді. Сол-ақ екен тасқараңғы ауыз үйге ұзынды-қысқалы екеу сау етіп кіріп келді.

– Үмбеке?! Әу, Үмбеке?! Қайдасың? – деді біреуі емешегі үзіліп.

– Міне, міне, мен мұндамын, – деді Үмбет те жарды
жағалап, сипалаған қонақтардан қысылып. – Сырттан кіргенде қараңғы болғанмен, сендерді көріп тұрмын.

– Ойпырмай, соқыртеке ойнаған баладай болдық қой. Ассаламағалейкүм, Үмбеке?

– Уағалейкүмассалам!

Қатқан қазықтай қақшиып қарсы алдында тұрған екеуі Үмбетке құлаштай қолдарын қатар созып, жан-тәндері қалмай амандасты.

– Бұ қайсың? Өңдеріңді шырамытқанмен, танымай тұрмын. Қане, жоғары шығыңдар, – деді Үмбет қазақы салт-дәстүрмен.

– Жиембет ағай ғой, ауыл әкімі. Ал мен Тастай қарттың кенже баласымын. Әкімнің көмекшісі, – деп сумаң етті бойы тәштигені.

– І, жөн екен. Қане, төрлетіңдер.

Көктен түскендей ойда-жоқта кеп қалған екеуді Үмбет төргі бөлмеге қарай алып жүрді.

– Жеңеше, бізге төсекшенің қажеті жоқ. Азаптанбаңыз. Біз көп отырмаймыз. Асығыспыз. Тек бір бәжный шаруамен келдік, – деді Жиембет баяғы әдетімен қойыртпақтай сөйлеп. – Сіздерге үлкен хабар алып…

– О, не хабар? Жайшылық па байғұс?! Зәремді ұшырмай не болса да тезірек айт. Өтім жарылып кетпес! – деп Тұрсын дыз етті.

Екі көзі төртбұрыштанған Үмбетте үн жоқ. Тізесін бүгіп отыра қалды.

– Үм…бе..ке…– деді Жиембет баяу әндетіп қана.– Үм…беке… сізге сонау алыстан мәртебелі бір мейман келе жатыр!

– ?

– Қой, байғұс? Ол кім тағы?! Ішер асқа жарымай отырғанда! Мүйізі сынық ешкі мен қотыр қойдан басқа соятын мал да қалмады. Енді оларға немді беремін? – деп Тұрсын безілдей кетті.

– Түу, жеңеше-ай! Әуелі сабыр сақтап, сөзге құлақ түрсеңізші, – деп Жиембет ұртын томпайтты.

– Менен не сабырын сұрап тұрсың. Айтарыңды айт жұмбақтамай. Бәсе, біз байғұсқа неғып көзің түсті десем. Қонағыңның осал болмағаны-ау шамасы?! Күнінде осы Үмбеттен совхоздың  қираған трәктірін қызғанып, тартып тынып ең. Соған бұл да қорсынып, кеңсені көруден қалды. Анау тұрған ауылға барып қайтуға да бетінен басады. Есектей жегіп-жегіп, қысқартып тастаған сендерде түк әділдік жоқ!

– Өкпеңіз орынды, жеңеше. Дұрыс айтасыз. Бізден бір қателік кетті енді. Сол айыбымызды бүгіннен бастап жуамыз, – деп Жиембет ағынан жарылды.

Осымен сөзді доғар дегендей Үмбет те әйеліне қарап, қабағын шытты.

– Жиембет ағаны жерге қаратпаңыз. Ол сіздерден сүйінші сұрай келді, – деді ішінен тынған көмекшісі тілі тықылдап.

– Не сүйінші? Манадан сүйіншіңе көшсеңші, – деп Тұрсын да құлағын түре қалды.

– Сүйінші! Сүйінші, Үмбеке!

Жиембет жерден жеті қоян тапқандай басын шалт көтерді.

– Сүйінші! Сізді  іздеп әкім, әкім келе жатыр, Үмбеке!

– А? Не дейсің? Қайдағы әкім айтып отырғаның? Біздің әкім сен емессің бе? – деді Үмбет түкке түсінбей.

– Мені қойшы. Сонау облыс орталығынан үлкен кісі
келе жатыр!

– Мәссаған, үлкен кісің кім ол? Бастықтардың үлкені, кішісі бола ма?

– Неге болмасын, болады!

– Бізге бәрің бірдей болған соң қайдан білейік.

– Шенеуніктерді шатыстырмаңыз, Үмбеке. Сізге анау-мынау емес, білдей облыс басшысы келе жатыр!

– Облыс әкімі ме?

– Иә, о..о.. облыс әкімі келе жатыр! Кәдімгі Қанатбек Қуанұлы!

– Не дейді, не дейді байғұс?!

Тосын жаңалықты Жиембет әрі қарай жалғап әкетті.

– Үмбеке, мына біз білмей жүрсек, облыс басшысы сіздің служагыңыз екен ғой. Сізбен әрмиядә бірге служит етіпті. Баяғыда айтсаңыз қайтеді жасырмай. Мана таңғы төртте Ізімбек Сәуірович збондап, аяғымыздан тік тұрғызды. Солай да, солай… Іссапармен үлкен бастық біздің жаққа келгелі жатыр. «Баяғы да әрмиядә ордалық Үмбет деген жігітпен дәмдес болып едім. Егер аман-сау болса сол служагыма жолшыбай соғып, көрісіп шығамын», – деді. Ал енді абыржымай  іске кірісіңдер, – деп аудан әкімі бізге тапсырманы үйіп-төкті. Бастықтың бұйрығын естіген бойда атқа қондық. Қазірден бастап іске кірісуіміз керек. Шаруа шаш-етек-
тен, – деп  Жиембет шабақ балықтай майлы алақанын ысқылап-ысқылап жіберді.

Манадан тілін тыққылаған Тұрсында ес жоқ. Өтірігі ме, әлде шыны ма дегендей Жиембетке жұтына қарап қалған. Үмбет болса екі оқты күйде. Сенер-сенбесін білмейді. Қайдағы әрмиә, қайдағы служәк, қайдағы әкім екенін есіне түсірмек түгіл, өз атын өзі ұмытып қалғандай.

– Үмбеке, сізге не болды? Қанекеңнің біздің облысқа әкім болғанын естіген жоқсыз ба? Тізгінді ұстағанына аз уақыт болса да, аты ауызға ерте ілікті. Келген бойда қыруар шаруаны жапырды. Қауырт жұмысына қарамастан сізді де көруге асық. Нағыз азамат деп, міне, соны айт, нағыз азамат! – деп Жиембет мақтауын асырды.

– І, білуін білем ғой, әкімнің ауысқанын. Бірақ дәл мына менімен әрмиәдә служәк болғанына күмәнданып отырғаным. Ол қайда, мына мен қайда?! Екеуміздің арамыз жер мен көктей емес пе? – деп Үмбет әлденеден қысылып-қымсынғандай арық мойнын ішіне тартып, мықшия түсті.

– Сіз шатыссаңыз да, Қанекең шатыспас, Үмбеке. Пәмиті мықты боп тұр ғой ол кісінің. Білімі де күшті көрінеді. Бәленбай тіл біледі дейді қасында жүрген жігіттер…

ТОЛЫҒЫРАҚ: abai.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
293 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
280 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
581 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1055 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1428 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1270 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1788 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2407 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2570 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2576 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2628 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2633 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2185 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3111 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3164 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3156 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3778 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3740 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3733 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3705 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3867 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»