8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Мамыр 2019 2631 0
Қоғам

СУРЕТШІ САРҚҰЛОВҚА «ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

 Оралдық суретші Аманғали Сарқұлов «Қазақ мәдениетінің қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. 

Қоғамдық марапаттар жөніндегі республикалық кеңес марапат алқасының 2019 жылдың 26 сәуіріндегі №114 бұйрығымен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының суретшісі Аманғали Сарқұловқа «Қазақ мәдениетінің қайраткері» құрметті атағы берілді. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Mádenıet  máṅgilik» шарасында Аманғали Мусанұлының кеудесіне төсбелгі тағылып, куәлігі берілді.

Аманғали Сарқұлов ұзақ жылдардан бері облыстық Жұбан Молдағалиев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында қызмет етеді. Кітапхана қабырғасы оның қыл қаламынан туған суреттермен безендірілген. Сондай-ақ Аманғали Мусанұлын жұртшылық заманауи мысалшы, лирик, зиялы әзіл-сықақшы ретінде де таниды. Мысал, ертегі, аңыз жанрларында қалам тербеп жүр. Оның кейіпкерлері – аңдар мен құстар, жәндіктер мен өсімдіктер. Солар арқылы автор адамдардың кейбір қылықтарын әжуалап жеткізеді. 2016 жылы автор мысал жанрындағы  «Қорыққан қораз» атты кітабын шығарды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»