ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙДІ
Орал қ.ПБ ЖПҚб-нің берген мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың бес айы ішінде 1632 ұрлық тіркелген. Соның 30-ы велосипед ұрлығы, яғни, 30 велосипед ұрланған. Қолды болған велосипедтердің 23-і табылып, өз иелеріне қайтарылды. Бұл қылмыс түрінің ашылу пайызы 70 пайызды құрады.

Өткен жылдың бес айында 1837 ұрлық фактісі тіркелді, соның 47-сі велосипед ұрлығына қатысты. Облыс орталығы Орал қаласында жаз басталғаннан бері велосипед ұрлығы өршіп тұр. Бірі су жаңа велоспедінен айрылып, санын соғып қалса, енді бірі қолдан арзан құнға сатып алған велосипедінен де айрылып, зар илеуде. Жауапты қызметкерлердің сөзінше, азаматтар теуіп жүрген велосипедін қысқа уақытқа қараусыз қалдырып, соңынан ұрлатып алады екен. Велосипедтердің қандай орындарда ұрланатындарына сараптама жасалған кезде көпшілігі еркін түрде ұрланған. Қайсыбірі үй подьездерінен ұрланса, көшеден, үй ауласынан үптелгендері де бар. Велосипед ұрлап, оңай олжадан дәнденгендер кілттеулі құлпынан да бұзып, жымысқы ойларын жүзеге асырған. Сарай мен гараж сынды орындарға жасырын кіріп, ғимараттардың терезесін сындырып, кілттерді үйлестіріп ашып, тонап кететіндер баршылық. Осынау деректерді қарай отырып, Орал қаласы аумағында велосипедтердің ұрлануы-азаматтардың өз бұйымдарына салдыр-салақ қарауынан деген түйін жасауға әбден болады. Қаланың мазасын алған ұрлықтың алдын алу мақсатында және ұрланған велосипедтердің лезде табылуы үшін иелері дүкен, подьезд, өзге де ашық орындарда велосипедті қараусыз қалдырмауы керек. Себебі, әккі ұрылар бір минуттың ішінде көз ілеспес жылдамдықпен қағып кетеді екен. Азаматтар велосипедін азғантай мерзімге қараусыз қалдыруды ойласа, фиксатормен ұстатып, құлыптап бекітіп кеткені жөн. Көпқабатты тұрғын үйлер подьездерінде коды бар құлып болса да, подьезде қалдырмау керек. Бұл ұрыдан қорғанудың тиімді жолы емес. Қайсыбір әккі ұрылардың қолының ептілігі мен шапшаңдығы сондай, құлыптаулы үй подьезінен де теуіп кетеді. Мүмкіндігіне қарай жасөспірімдер велосипед рөліне отырғанда өз үйінен алыстамағаны дұрыс, алысқа ұзаса қылмыстық жағдайдың орын алуы тіркеледі. Велосипедті дүкеннен сатып алғанда барлық тиесілі құжаттарын жоғалтпай сақтаған жөн. Егер велосипед ұрланса, «ұрланған мүлік» ретінде органның есебіне қойып, іздестіріліп табылуына ықпал етуі тиіс. Осы мақсатта учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция инспекторлары бірлесіп, азаматтармен түсінік жұмыстарын жүргізуде. 2019 жылдың алғашқы бес айында «Велосипедімді троспен байлап, кілттеп қойдым» дегенге сенген тұлғаның бірнешеуі жаяу қалды. Себебі, ұрылар айлаларын асырып, кілтті ашып, лезде табандарын жалтыратқан. Немесе, байлаған тросты өткір қайшымен қиған. Қазір күн жылынды. Әркім гаражындағы, қоймасындағы сарайында тұрған велосипедін шығарып тебеді. Ол да діттеген орынға ертерек, шапшаң жетудің бір мүмкіндігі. Азаматтар велосипедті дүкеннен немесе сауда үйлерінен сатып алса, міндетті түрде құжаты, арнайы талоны болады. Құжатта нөмірі тайға таңба басқандай жазылады. Ал, қолдан сатып алынғанда көп ретте азаматтар құжатын талап етпейді. Немесе әр велосипедтің нөмірі қай тұсында, қалай жазылатынынан да бейхабар боп шығады.
Велосипед ұрлығының алдын алу және ұрлықтың жолын кесу мақсатында «Астана» сауда үйі, Локомотивная көшесіндегі «Мотовело» дүкені, орталықтағы «Мерей» базары, «6-шағын аудандағы», Шолохов көшесіндегі, «Мирлан» орталық базарындағы жеке кәсіпкерлік иелерімен кездесулер өткізілуде.
Орал қ.ПБ тәртіп сақшылары азаматтардан бағыт алған орынға желмен жарыса жетіп баратын велосипедтеріне мұқият болып, сақтық шараларын әркез назарда ұстауды сұрайды.
Орал қ.ПБ баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу