ОРАЛДАҒЫ «АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» 137 ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ
Бүгін Орал қаласында «Ашық әкімдік» шарасы өтіп, шаһар басшысы Мұрат Мұқаев, қала әкімінің орынбасарлары мен қалалық бөлімдердің және коммуналдық мекемелердің басшылары және құқық қорғау саласы өкілдері тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін тыңдады.

Бүгінде халық пен мемлекеттік органдардың байланысын жақындата түскен ашық алаң ай сайын ұйымдастырылуда. Бүгінгі ашық алаңға 137 азамат келді. 71-i өздерін толғандырған мәселелерімен қала әкіміне жолықты. Азаматтардың сұрақтарының дені әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен баспана, жер телімін алуға қатысты болды. Қазіргі уақытта қала бойынша жер телімін алу үшін 72 мыңдай азамат кезекте, ал үй кезегіне тұрғандар саны 19 500-ге жеткен.
Мұрат Рахметұлы азаматтардың мәселелерін жіті тыңдап, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеп, сондай-ақ кейбір мәселелерді бірлесе шешу жөнінде ұсыныс-кеңесін берді.
Бұл күні «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ кеңесшілері де шараға қатысып, тұрғындарға баспанаға қол жеткізу бағдарламаларының шарттарын түсіндірді.





Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу