СЕНАТОРЛАР «ҚАЗИИТУ-ды» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева мен Сергей Ершов өңіріміздегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде болып, ғылым мен инновациялық процестердің дамуының үлгісі болып табылатын оқу орнының тың жаңалықтарына куә болды.
Алдымен депутаттар оқу орнындағы құқықтану факультетін аралап, генерал-майор Р.Қайдаровтың атындағы оқу-криминалистикалық орталығының жұмысымен танысты. Криминалистикалық полигон, арнайы сот отырысы өтетін мамандандырылған аудитория, екі криминалистикалық полигон, сот сараптама және медициналық бөлмелерді аралаған депутаттар жаңашылдығымен танымал оқу орнының әлеуетінің зор екеніне куә болды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінде сот жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды және халықтың сот билігіне сенімін арттыруға бағытталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сол себепті елімізде құқықтық білімді, құқықтық сана мен тәрбиені қалыптастыруда заң факультеті ұстаздарының еңбегі ерекше. Осы орайда Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің Заң факультетінің ұжымы бұл жауапкершілікті терең сезінетінін аңғардық, – деді факультет ұстаздарымен тілдескен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Тұрсынұлы. Меймандарға факультеттің тынысын таныстырған «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Анархан Құттығалиеваның айтуынша, 2014 жылдан бері елімізде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ұлттық рейтингі құрылған. Жыл сайын Жоғарғы оқу орындарының арасында білім бәсекесін таразыға салатын агенттік жақында Жайық жұртын тағы бір жаңалығымен қуантыпты. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті 20 үздік жоғарғы оқу орындарының құрамына еніп, 13-орынды иеленген. Соның ішінде 623 студентке заң саласында білім беріп жатқан құқықтану факультеті Қазақстандағы жетекші жоғарғы оқу орындарының арасында бесінші орынға жайғасып, заңгерлік бағытта сапалы маман кадрларды дайындауда өңіріміздегі жоғарғы оқу орындары арасынан үздік деп танылған. Бүгінгі таңда аталмыш заң факультетінде 42 оқытушы білім береді. Кафедраның ғылыми дәрежесі де осал емес. 7 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты, 9 магистрі, 6 аға оқытушысы бар. Жыл сайын құқықтық зайырлы қоғамның тұтқасы болар түлектер тәрбиелеп шығаруда факультет ұжымының еңбегі ұшан-теңіз.
Бұдан соң депутаттар оқу орны жанындағы Студенттер сарайында профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Жиында «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов оқу орнының бүгінгі тынысымен таныстырды. ҚР Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі, Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов жоғары оқу орындарының сапасын арттыру, ұстаз мәртебесін көтеру жайына кеңінен тоқталды. – Қазақстан ұлттық инженерлік академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде ашылды. Бұл оқу орнында мамандар дайындауға базалық жақсы жағдай жасалған. Жаңа деңгейдегі құрал-жабдықтармен қамтылған. IT-технологиясы мүмкіндігі негізінде құрылған Хай-тек, робототехника лабораторияларын, күн, желден энергия алудың ашық алаңын, күн энергиясын пайдалану жобасын, баламалы энергияны өндіріске, тұрмысқа пайдалану лабораториясын ерекше айтуға болады. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, автоматтандыру, ақпараттық жүйелер, радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша лаборатория базасы толығып, Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация, байланыс мекемелерінде тәжірибе өткізу жүйелі қолға алынған. Биыл Жастар жылы ретінде белгіленді. Жастарға тікелей қатысы бар тұрғын үй қолжетімділігі, жоғары білім сапасының артуы мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту басты назарда. Ел болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Сол себепті ізденіп, толыққанды білім алуларыңыз керек. Оқу орнында бұл үшін сіздерге бар жағдай жасалғанын көрдік. Бұл тұрғыда Ақсерік Сарыұлының еңбегі зор. Жастар оңай жолмен байып кетуге ұмтылмаңыздар. Адал еңбек етіп, терең білім алғандар көштен озатын заман туды» – деді Бақытжан Жұмағұлов кездесу барысында. Бұдан соң сөз алған депутат Динар Нөкетаева Жайықтың экологиялық ахуалы туралы ойымен бөлісті.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу