ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРУ КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?
103 нөміріне хабарласқан кезде, диспетчер сізден не болғанын, пациенттің жағдайын, оның тегін, атын, жасын, мекенжайын, телефонын және сізге қалай жетуге болатындығын сұрайды.

Содан соң диспетчер жеделдік санатын анықтап, барлық деректерді жедел жәрдем бригадасына жеткізеді. Жедел жәрдемнің келу уақыты жеделділік санатына байланысты:
І санат: егер адамға шұғыл көмек қажет болса және оның өміріне қауіп төніп тұрса, жедел жәрдем көлігі 10 минут ішінде келіп болуы тиіс;
ІІ санат: егер өміріне медициналық көмек көрсетусіз қауіп төніп тұрса, жедел жәрдем 15 минут ішінде келіп болуы тиіс;
ІІІ санат: егер адамның денсаулығына қауіп төніп тұрса, жедел жәрдем 30 минут ішінде келіп болуы тиіс;
ІV санат: егер адам денсаулығы мен өміріне қауіп төнбесе, 60 минут ішінде келуі тиіс.
1-3 санаттарда фельдшерлік және мамандандырылған дәрігерлер бригадасы келеді;
4 санатта – емханалар жанындағы жедел жәрдем бөлімшесінің бригадасы келеді.
ҚР ДМ 2017 жылғы №450 бұйрығына сәйкес барлық келіп түскен шақыртулар бөлінетін жеделділіктің 4 санаты белгіленген. 1-3 – адам өміріне, денсаулық жағдайына қауіп төнген кезде. Бұндай жағдайда жедел жәрдем көмегі келеді. 4 санатта, адам өміріне қауіп төнбеген жағдайда шақырту емханалар жанындағы кезек күттірмейтін көмек бөлімшелеріне жолданады. Әр санатқа нақты регламент бар,-дейді ӘМСҚ КеАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова.
4 санатқа емханаар қызмет көрсетеді, алайда бұл түнде шақырту жасасаңыз, таңға дейін күтіп отыру қажет дегенді білдірмейді, емханаларға бекітілген тұрғындарға тәулік бойы көмек көрсетіледі. Емхана жақын арада орналасқаны маңызды.
Сізге шақырту барыында өз бетімен санатын анықтаудың қажеті жоқ- тек қана ауру адамның жағдайын сиапттап, толық ақпарат берсеңіз жеткілікті. Егер жедел жәрдемді тәуліктің қараңғы мезгілінде шақыртсаңыз, медқызметкерлерді қарсылап алуға тырысыңыз.Жедел жәрдем көлігі келгенше, пациенттің құжаттарын –жеке куәлігін/ туу туралы куәлігін дайындап қойған жөн.
Жедел жәрдем келген соң, дәрігер пациентті қарап:
*шақырту түскен орында/үйде қалдырса, бұл жерде пациентке әрі қарай емханаға қаралу қажеттігі жөнінде ұсыным жазады, учаскелік дәрігерге сигнал парақшасын толтырады немесе білікті медициналық көмек көрсетуге барлық ресурстары бар медициналық мекемеге пациентті тасымалдау туралы шешім қабылдайды.
ӘМСҚ КеАҚ БҚО бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу