МУЗЕЙДЕ ӨТЕТІН ШАРАЛАРДЫҢ КУӘСІ БОЛЫҢЫЗ
Бүгін, 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Айтулы осы мерекеге орай БҚО тарихи-өлкетану музейінде «Бабалар мұрасы – ұрпақ қазынасы» тақырыбы аясында мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылады.

Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейі тарихи құнды жәдігерлерді сақтау, зерделеумен қатар, қазіргі жаһандану талаптарына сай, көпшілікпен байланыс орнатудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, кейінгі ұрпақты дәстүрлі құндылықтарымызбен тәрбиелеуде белсенді рөл атқарып келеді.
Аталмыш мерекеде Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейі және қалалық бөлімдерінде әдеби – сазды кештер, мерекелік концерт, тарихи – танымдық экскурсиялар, квест ойындары, көрмелер мен театрландырылған көріністер өткізілмек.
Мерекелік бағдарлама легі сағат 10.00-де С.Ғұмаров музей үйінде «Жас суретшілер әлемі» көрмесімен басталады. Сағат 12.00-де М.Мәметова музей үйі «Мәнсия» тақырыптық экскурсиясын, Е.Пугачев музей үйі сағат 13.00-де «Ғасырлар қойнауынан жеткен тарих» көрмесін ұсынады.
13.00-де Рухани жаңғыру музейінде «Тарих беттерінің куәгерлері» атты театрландырылған қойылыммен көрменің ашылуы өтпек. 14.00-де Табиғат және экология музейі «Ұлы дала қызғалдағы» атты мәдени шара ұйымдастыруда. Пушкин музейі сағат
15.00-де «Пушкин балы» атты әдеби-сазды кешке шақырады.
16.00-ден бастап шаралар облыстық тарихи-өлкетану музейінде жалғасады. Біріншіден, Ассамблея залында «Ертегілер әлеміне саяхат» жасалмақ.
17.00-де осы музейде «Квест» ойыны өтеді. 19.00-де музей алаңында Робототехника, Археология залында Саздан бұйым жасау өнері бойынша шеберлік сағаты өтеді.
20.00-21.30 аралығында музейдің барлық залдары бойынша «Туған жер – тұнған тарих» тақырыбымен жерлес жас ақындардың экскурсиялық марафоны жүргізілмек. Сондай-ақ музейге келгендер LED экраннан аудандық музейлердің жұмысымен және оларда жинақталған жәдігерлермен таныса алады.
Музей алаңында арқан тартысу, қой көтеру, асық ату сынды Ұлттық ойындар ойнатылады. Бұдан әрі, яғни 22.00-де Домбыра-Party ұйымдастырылып, 21.30-23.00 аралығында «Түнгі музей» мерекелік концерті ұсынылмақ және 1 сәуір мен 18 мамыр аралығында музейге билет алғандар арасында Лоторея ойнатылады. Басты сыйлық – теледидар.

Бұл күні түнгі 01.00-ге дейін музей залдарына экскурсия жасауға мүмкіндік бар.
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу