8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2019 1854 0
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТҚАН ЖӨН»

БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін және таза экологиямен қамту мәселесіне тоқталды.

Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды. Ескі және апатты үйлер сүріліп, орнына жаңа баспаналар салынуда. Өткен жылы 432 мың шаршы метрдей тұрғын үй алаңы қолданысқа берілді. Екі мыңдай облыс тұрғыны «7-20-25» бағдарламасымен баспаналы болды. Биыл жеке инвестиция есебінен екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бұл бастамаларды оң бағалаған Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жастар жылы» аясында игі бастамаларды жалғастырып, облыстың барлық аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды және тұрғын үй саясатын белсендіруді тапсырды.

– Облыс басшысына «Қолжетімді баспана» құрылысының барысы мен тұрғын үйлерді бөлуді қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын. Ол үшін қоғамдық бақылау институттарына иек арту керек. Әлеуметтік осал топтағылардың баспанамен қамтылуы үшін жүйелі шаралар қабылдау керек. Бірінші кезекте көпбалалы және аз қамтылған отбасылар назарда болуы тиіс. Құрылыс саласына жеке инвестицияларды тартқан жөн. Бұл ретте өңірдің тәжірибесі бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ 2020 жылы облыстағы елдімекендердің орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылуын 80 пайызға дейін жеткізу қажеттігін айтты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»