8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Мамыр 2019 3113 0
Дені сау ұлт

МЕДБИКЕЛЕР ӘДІЛДІК ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Бүгін – Халықаралық медбикелер күні. Биылғы мейрамның ұраны – «Медбикелер халықтың медициналық көмекке деген қолжетімділігін арттырып, әділдік үшін қызмет етеді!».

Бұл күнді халықаралық деңгейде атап өту бастамасы 1953 жылы көтерілген болатын. Араға 12 жыл салып, Халықаралық медбикелер күні ресми түрде аталып өтетін болды. Ал 1974 жылы медбикелердің Халықаралық кеңесі аталған мерекені мамырдың 12-сі күні тойлауды ұйғарды. Себебі бұл күн – медбикелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі, танымал Флоренс Найтингелдің туған күні. Флоренс Найтингейл Қырым соғысы кезінде (1853-1856) тұңғыш болып мейірбикелер қызметін ұйымдастырған. Ол XX ғасырдың басында консервативті Англияның медицинасын түбегейлі өзгертіп, осы салада медбикелер қызметінің ашылуына себеп болды. Сондықтан Халықаралық Мейірбикелер кеңесі осы даңқты әйелді мәңгілік есте қалдыру мақсатында 12 мамырды Халықаралық мейірбикелер күні деп қабылдап, сол жылдан бері осы күн денсаулық сақтау саласында ерекше мереке ретінде тойланып келеді. Әлемнің 141 елінен мейірбикелер жиналып «Халықаралық Медбикелер Кеңесі» деп аталатын қоғамдық ұйым құрғаннан кейін 12 мамыр – Дүниежүзілік мейрам мәртебесіне ие болды. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін біздің елімізде де 12 мамыр – мейірбикелер күні болып ресми түрде тіркелді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде отандық медицина саласында 150 мыңға жуық медбике қызмет етеді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
256 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»