8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Мамыр 2019 2391 0
Қоғам

ЖЕҢІС КҮНІ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

        Бүгін Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесіне орай  қаладағы көпбалалы отбасылар баспаналы болды.

Ықсанов көшесі 44Б мекенжайы бойынша орналасқан жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін қала әкімі Мұрат Мұқаев табыстады. Шаһар басшысы Елбасының «Нұрлы жер», «Бақытты болашақ» бағдарламалары аясында үйлі болғандарды Рамазан айымен және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Мұрат Рахметұлының айтуынша, биыл мамыр мерекелерінде қалада 20 отбасына пәтер кілті табысталған. Олардың басым көбісі көпбалалы аналар. Жалпы өңірімізде екі мыңнан астам пәтердің құрылысы қарқынды жүруде. Оның бір мыңдайы кезектегі азаматтарға, яғни көпбалалы, жалғызбасты аналарға берілмек. Жаңа қонысқа орналасқан алты баланың анасы Мәншүк Қапшығалиеваның қуанышында шек жоқ. Ал Меңсұлу Нұркенова жаңа баспанасын 32 жыл күткенін айтады.  – Осы уақытқа дейін тар жатақханада тұрып келдім. Жолдасымның мүмкіндігі шектеулі. Ұлы Жеңіс мерекесі күні екі бөлмелі пәтерге қол жеткізіп, қуанып жатырмыз. Біз секілді бақытты жандар қатары көбейе берсін, – дейді ол.

.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»