ЖЕҢІСТІҢ 74-ІНШІ КӨКТЕМІН ҰОС-НЫҢ 62 АРДАГЕРІ ҚАРСЫ АЛДЫ
Бүгін, 9 мамыр күні оралдықтар Ұлы Жеңістің 74 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Отан үшін от кешіп жанқиярлықпен қаза тапқан батырларды еске алу шаралары Н.Назарбаев даңғылынан Жеңіс алаңына дейін «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» шеруімен бастау алды. Жеңістің 74-ші көктемін ҰОС-ның 62 ардагері қарсы алды. Олар үшін 1945 жылдың 9 мамыры ең қастерлі де қасиетті күн саналады. Дәл осы күні бес жылға созылған соғыстың соңғы нүктесі қойылып, Жеңіс жалауы желбіреген болатын. Бұл күні қалалықтар бауырластар зиратына, қазақтың қаһарман қызы М.Мәметова, Кеңес Одағының маршалы Г.Жуков, Кеңес Одағының батыры Т.Масин ескерткіштері мен «Ол күндер мәңгі өшпейді» монументіне гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына тағзым етті.


Жеңіс алаңында өткен салтанатты жиынға облыс және қала басшылығы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және қала тұрғындары қатысып, қан майданнан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан соң өңір басшысы Алтай Көлгінов жиналғандарды мерекемен құттықтады.
– Бүгін Ұлы Жеңістің 74-інші жылын атап өтудеміз. Бұл мейрамды ардақты ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлері бізбен бірге қарсы алуда. Бейбіт күніміздің қадірін олардан артық кім біледі. Бұл мейрамның қадір-қасиетін келешек ұрпаққа аманат ету – біздің парызымыз. Өйткені, Ұлы Жеңіс ата-бабаларымыздың ерен ерлігі мен есіл еңбегінің арқасында келді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Екінші дүниежүзілік соғыс туралы біздің және бүкіл ТМД халықтарының Ұлы Отан соғысында жеңіп шығуы үшін қандай ұлы құрбандықтарға барғаны әрбір жаңа буынды тәрбиелеудің тақырыбы болуы керек» деп атап көрсетті. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістіктердің барлығы Ұлы Жеңістің жемісті жалғасы. 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына Ақ Жайық өңірінен 80 мыңға жуық азамат аттанды. Қан майданда ерліктің ғажап үлгілерін көрсеткен олардың жартысы ғана елге оралды. Батысқазақстандық 43 азамат Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Алты жерлесіміз Даңқ орденінің толық ковалері атанды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін деп еңбек етті. Ақ Жайық тұрғындары да майдан шебіне жылы киімдері мен азық-түлік, қару-жарақ жіберді. Біздің өңірімізде күндіз-түні жеті әскери госпиталь жұмыс істеді. Сұрапыл жылдарда елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігі қашан да ел есінде. Аға буынның ардақты ісін кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырады деген нық сенім бар. Осы тұрғыда Жеңістің қадір-қасиеті күннен-күнге артып, мазмұны тереңдей түспек. Еліміздің ұйытқысы әрі жас ұрпақтың ақылшысы болып отырған ардагерлердің ерлігін құрметтеу – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді Алтай Сейдірұлы.
Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапич Ұлы Жеңіс фашистік Германиямен болған соғыстағы халқымыздың ерен ерлігінің, батырлығының нәтижесі екенін айтып, жас ұрпақты әлемге танылған тәуелсіз Қазақстандағы бейбітшілікті сақтап, Отанның патриоты болуға шақырды. Салтанатты шара ел қорғау жолында опат болған ерлерді еске алу рәсімімен жалғасып, облыс әкімі Алтай Көлгінов пен қала әкімі Мұрат Мұқаев, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және қала тұрғындары Мәңгілік алауға, Жеңіс алаңындағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Н.Назарбаев даңғылынан Жеңіс алаңына дейін жүріп өткен «Ерлікке тағзым» шеруі де Мәңгілік алау жанынан табылды. Жерлестеріміз Ұлы Отан соғысында шейіт болған, елге оралып Жеңістің 74 жылдығына жете алмаған аталарының суреттерімен шеруге шығып, зұлмат соғыста кеудесін оқ пен отқа тосқан майдангер аталарын ұмытпайтындарын көрсетті.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу