8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2019 2642 0
Қоғам

ЖЕҢІС МИЛЛИОНДАҒАН АДАМДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ

Биыл сұрапыл соғыстың аяқталып, Жеңіс жалауының желбірегеніне – 74 жыл. 1945 жылдың 9 мамыры бізден алыстаған сайын сол бір сұм соғыс батырлары туралы естеліктердің құны арта түсуде. Ресми мәліметтер бойынша Ұлы Отан соғысына 2 миллиондай қазақстандық қатысқан. Соның ішінде Ақ Жайықтан 80 мыңға жуық азамат аттанған. Олардың жартысы ұрыс алаңында ерлікпен қаза тапты. Ұлы Жеңістің 74 жылдығына 62 ардагер ғана жетіп отыр.  Олар – бейбіт күніміздің қадірін шынайы бағалай білетін жандар. Ал біз, кейінгі ұрпақ олардың естелік-әңгімелерінен сабақ алып, ерліктеріне бас июіміз керек.

Ардақты ардагерлеріміздің бірі – төрт жылға созылған соғыста Жеңіс жалауының желбіреуіне үлес қосқан және майдан даласындағы қайсарлығы үшін ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өз қолынан «Құрмет» орденін алған Меңжан Әбдірахманов.

Соғыс балаларды ерте есейтті. Жасөспірімдердің өздері үлкендердің жұмысын мойындарына алып, таң атқаннан күн батқанға дейін тылда еңбек етті. Меңжан Ғабдолұлы да 11 жасынан алқапта жұмыс жасап, шөп шапты. Өгіз жегіп, сабан айдады. Соғысқа 9 сыныпты бітірген бойда 1943 жылы шақырылған.

– Ләтипа әжемнің қолында өскен баламын. Әскер қатарына шақырылғанымда 17 жаста болатынмын. Жымпитыдан Оралға дейін жаяулатып жеттік. Жолазыққа бергені – арпа. Бізді бірден майданға жіберген жоқ. Алдымен Башкирияның Белебея қаласындағы 49-шы артиллериялық қосымша полкқа жөнелтті. Киім берді. Онда да өлген солдаттардың киімдерін кидік. Көрген қиындығымыздың айтары жоқ. Қыс бойы казарманы жағуға, асхананы жылытуға отын тасыдық. Ол өте қиын болды. Мардымды тамақ та болмайтын. Күннің суықтығы мен тамақтың нашарлығынан жігіттердің бірқатары ауырып госпитальге жатып қалды, – деп еске алды Меңжан ата.

1944 жылдың маусымында Меңжан Ғабдолұлы Орынбордағы 12-ші снайперлік мектепке жіберілді. 3 айдың көлемінде дайындық курсынан өтіп, майданға жолдама алды. Мәскеудегі жасақтау бөлімшесіне түскен 100 мыңдай жауынгерді әскери құрамаларға іріктеу кезінде кездейсоқ кезіккен қазақ командирдің нұсқауымен «Катюша» жүргізушілерінің қатарына қосылған.

– Түс кезі еді. Түр-кесікіні қазақ аға сержантқа амандастым. Қай жерден екенімді сұрады. Мен «Жымпитыданмын» дедім. Ол Жаңақаладан екенін айтты. Жерлес болып шықтық. Сол кісі «балам, мына комиссиядан өтсең, өлімнен екі қадам кейін жүресің» деп, комиссиядан өтуге жіберді. Білгендей айтқан екен. Бірақ, сол кісінің есімін сұрамаппын, – деп өкінішін білдірді.

Бұл бөлімшеге өтудегі басты талап – сегіз сыныптан жоғары білімнің болуы еді. Комиссия мүшелері орыс тіліндегі кітапты оқуды және диктант жазуды тапсырған.  9 жылдықты үздік аяқтаған Меңжан Ғабдолұлы үшін бұл мүлде қиын болмады. Осылайша, ол оқу автополкына түсіп, «Катюшаны» басқаруды үйренді.

–  «Катюша» атымен танылған М-8, М-13, М-33 – ең  жойқын, әрі отты қару түрі болатын. Мен америкалық студебеккер машинасына орнатылған БМ-13 қондырғысын айдадым. Үш ай оқудан соң 52-ші гвардиялық миномет полкымен Карель майданына түстік, – деді ардагер.

52 гвардиялық минометшілер полкінде жүргізуші ретінде ұрыстарға қатысқан ол Карелия мен Балтық бойы мемлекеттерінде соғыстың ауыр жүгін басынан өткереді. Ал 1945 жылдың 9 мамырында 52-ші полк Мәскеуде болған. Командирдің полкты сапқа тұрғызып, Ұлы Отан соғысының аяқталуымен құттықтаған сәті қарт жауынгердің әлі есінде.

– «Біздің полкқа 24 маусым күні өтетін Жеңіс шеруіне қатысу құрметі бұйырды» деп хабарлады командир. Сол жеңімпаздар шеруінде мен «Катюшаммен» өттім. Ал екі күннен кейін полкымызды Қиыр Шығысқа жіберді, – деді ардагер.

Иә, Меңжан Әбдірахманов екі соғысты өткерген. Неміс фашистерімен соғыстан кейін Жапон соғысына қатысты. Чита қаласының Дарасун станциясынан жаяулатып, Монғолияның Ұлан Баторы арқылы Манчжурияға, Манчжурияның Линдун қаласы, Қытай арқылы Фоусин, Чаншунь, Харвинге дейін барды. Қиыр Шығыста 5 жыл шепте тұрды.

7 жылын майдан даласында өткізген Меңжан Әбдірахманов елге 1950 жылы оралған. Қайтадан мектеп партасына отырып, жұмыспен қатар онжылдық білімін аяқтады. Сталинабад мектебінде СССР МГБ милицияның бастапқы құрылымында оқып, 15 жылдай ІІМ саласында қызмет етті. Ауыл шаруашылығы техникумын сырттай тәмамдап, зоотехник болып жұмыс жасады. Кейін аудандық комитеттің ұсынысымен Кирсанов селолық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды. Зейнетке шыққаннан кейін де қоғамдық қызметтен қалыс қалған жоқ.

17-сінде майданға аттанып, талай қиын күндерді бастан кешірген жауынгер бүгінде тоқсанның төріне келген абыз ақсақал. Соғыстан соң елге келген жылдары әжесі Ләтипаның таңдауымен Шакура Сайфутдиноваға үйленіп, 10 баланы өсіріп-өндірді. Қазір Меңжан атаның жапырағы жайылып, өзі әулеттің мәуелі бәйтерегіне айналды. Он перзентінен тараған 20 немереден 27 шөбере сүйіп отыр. «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» орденімен және «Жапония соғысындағы Жеңісі үшін», «Германия соғысындағы Жеңісі үшін», сондай-ақ «КССР ІІД мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.

Осыдан төрт жыл бұрын, яғни Ұлы Жеңістің 70  жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев әр облыстан бір-бір соғыс ардагерінің кеудесіне өз қолымен «Құрмет» орденін тақты. Олардың қатарында Меңжан Әбдірахманов та болды. Сол бір тарихи сәт ардагердің мәңгі есінде.

– Елбасының қабылдауында 14 облыстан және Алматы мен Астанадан келген ардагерлер болдық. Мен үшінші болып отырдым. Елбасымыз орденді кеудеме тағып тұрып, мерекемен құттықтады. Мен «Алланың алғысында болыңыз» деп батамды бердім, – деген майдангер бүгінгі әсем өмірде тұрғанымыз миллиондаған адамдардың еңбегі екенін атады.

Ардагер атап өткендей, Жеңіс үшін, бейбіт тірлігіміз үшін соғыс ардагерлерімен қатар тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетуіміз керек. Өйткені олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытқандар. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін әсте ұмытуға болмайды.

 

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
80 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
294 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
782 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1159 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1085 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1519 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2134 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2302 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2308 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2357 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2361 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2001 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2843 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2896 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2893 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3501 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3472 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3460 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3439 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3600 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3646 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»