12 МЫҢ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Осы жылдың соңына дейін 12 мың көпбалалы отбасын үймен қамту көзделуде. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамту мәселесін тапсырған болатын. Сол себепті, керекті шаралардың бәрі толық қабылданды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Оның ішінде кезекте тұрғаны – 31750. Тапсырма беріліп жатқан кезде 28 123 отбасы кезекте тұрған еді. Осы бір жарым айдың ішінде 3 мыңнан астам көпбалалы отбасы қосымша кезекке тіркелді. 2025 жылға дейін қаражат толық көзделгенін өздеріңіз білесіздер. 40 мыңнан астам пәтер саламыз деп отырмыз. Биыл жалға берілмейтін және сатылмайтын 6 мың пәтерді тапсырамыз. Ол жұмыс басталып кетті», – деді вице-министр Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамту механизмі жайлы.
Қайырбек Өскенбаевтың айтуына қарағанда, 1 мамырдан бастап көпбалалы отбасыларға баспана беріліп жатыр.
«Осыған дейін 249 үй тапсырылса, кеше Өскемен және Семей қалаларында тағы қосымша 10 пәтер табысталды. Осы айдың кезегі бойынша 1200-1300 пәтер тапсырылады деп жоспарлап отырмыз. Әр күн сайын кесте бақылануда. Ертең, яғни 9 мамырда БҚО-да, Шымкентте, 15 мамырда Атырау облысы мен Алматы қаласында көпбалалы отбасыларға үй табыстау жоспарланған», – дейді ол.
Вице-министр өз сөзінде пәтерді жекеменшікке сатып аламыз деген көпбалалы отбасылар болса, оларға бөлек Тұрғын үй-жинақ банкі арқылы тағы да 6 мың пәтер қарастырылғанын атап өтті.
«Қабылданған шаралар бойынша көпбалалы отбасылар бөлек санаттарға жатқызылып, бірінші кезекте үймен қамтылуы көзделген. Сол жоспар бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына толық өзгерістер енгізілді. Осы басталған жұмысты ай сайын, күн сайын қадағалап отырамыз. Негізі берілген тапсырма толықтай орындалады. Бүгінгі күні кезекте тұрған көпбалалы отбасылар Үкімет тарапынан 2025 жылға дейін үймен қамтылады. Сол себепті ол үшін қобалжымасын. Тұрғын үй жинақ банкі арқылы 6 мың отбасы үй алатын болса, биыл 12 мыңнан астам отбасыны баспанамен қамтитын болсақ, 3-4 жыл ішінде осы мәселені (көпбалалы отбасыларды үймен қамту) шешеміз деп отырмыз», – дейді Қайырбек Өскенбаев.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу