8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2019 3991 0
Мәслихат жаршысы

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

      Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау мақсатында Орал қалалық қоғамдық штабы ашылды.

«Nur Otan» партиясының Орал қалалық штабын Мұхтар Давлетжанов басқарады.  Штабтың негізгі мақсаты –  Президент Қ.Тоқаевтың кандидатына жан-жақты қолдау жасау, қала аумағында Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат шараларын өткізу. Қоғамдық штабтар еліміздің барлық өңірлерінде, қала, аудандарда құрылды. Кандидаттың сенімді өкілі және еріктілер сайлаушыларға «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын, кандидаттың нақты жоспарларын түсіндіру мақсатында халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.   Тұрғындар өзекті мәселелері бойынша штабқа жолығуларына болады. Әр ұсыныс жауапсыз қалмайды. Мамандар тарапынан нақты кеңестер беріліп, көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ штабта күн сайын «Нұр Отан» партиясынан сайланған қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің өкілдері, құрылымдық бөлімше басшылары азаматтарды түрлі сұрақтарымен қабылдап, қоғамдық қабылдау өткізеді. Олар тұрғын үй, жер телімі, зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, шағын несие, жұмыспен қамту және өзге де мәселелер бойынша түсінік береді.

Сайлау – Қазақстандағы маңызды саяси оқиға. Еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы сайлаудың нәтижесімен байланысты. «Нұр Отан» партиясы өзі ұсынған кандидатының, қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ұстанымын қолдауға және ашық, әділ сайлау өткізуге дайын.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»