8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2019 2191 0
Өзек

ОРАЛДА ҚЫЗ БАЛА БЕСІНШІ ҚАБАТТАН СЕКІРМЕК БОЛДЫ

Оралдық полицейлер шатырдан секірмек болған қызды құтқарды.

Оқиға 3 мамыр күні кешкі 21.00 шамасында болған. Полиция аға лейтенанты Нұрболат Смағұл мен полиция лейтенанты Нұржан Ғұмыров өздеріне бекітілген аумақта кезекшілікте жүріп, рация арқылы Еуразия көшесі 54 мекенжайы бойынша қыз баланың шатырға шығып кеткені туралы хабар алады.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына келген полицейлер бес қабатты үйдің шатырына шығады. Қыз шатырдың шетінде отырғандықтан, кез келген сәтте секіріп кетуі мүмкін еді. Әрі жаңбырдан кейін шатыр дымқыл болатын. Полицейлердің өздерінің де тайып кету қаупі болды. Бірақ, полицейлердің құтқарушылар бригадасын күтуге уақыты да болмады.

Алғаш болып шатырға көтерілген Нұрболат Смағұл қызды алаңдатпақ болып, сөзге тартады. Бірақ, қыз кері жауап қатпаған. Сөйлесуді жалғастыра түсіп, Нұрболат оған жақындай барып, қолынан ұстап, әріптесі Нұржанмен бірге төменге түсірді.

Суицидқа оқталу фактісін Қылмыстық Кодекстің 105 бабаы 1-тармағы бойынша  сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіміне енгізілген. Орал қаласы Полиция басқармасының Абай бөлімшесі қызметкерлері тиісті тергеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін құтқарылған қыз баланы туыстары алып кетті.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»