8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Мамыр 2019 1587 0
Қалалықтар қаперіне

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

2019 жылдың мамыр айында 1,2 мың көпбалалы отбасыға баспана беру жоспарланған.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның басқа өңірлерінде 249 көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, көпбалалы отбасыларға баспана беру жұмыстары Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында басталды.

«Биыл 30 сәуірде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңды қабылдады. Құжатты іске асыру Қазақстан үкіметіне әкімдіктермен бірлесіп қысқа мерзім ішінде еліміздің барлық өңірлеріндегі көпбалалы отбасыларға пәтер беруді бастауға мүмкіндік берді», – делінген хабарламада.

Жоспар бойынша, биыл мамыр айында 2019 жылға жоспарланған 6 мың көпбалалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен, алғашқы 24 пәтер Нұр-Сұлтан қаласында, 15-і Шымкент қаласында беріліпті. Павлодар облысының көпбалалы отбасыларына — 76, Қарағанды облысында — 27, Ақтөбе облысында — 25, Алматы облысында — 20, Маңғыстау облысында — 18, Жамбыл облысында — 17, Шығыс Қазақстан облысында — 11, Батыс Қазақстан облысында — 10, Ақмола облысында — 6 пәтер берілді.

15 мамыр күні Атырау облысындағы 50 көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметіне сәйкес, 32 мың көпбалалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.

https://sputniknews.kz/society/20190502/10022340/kopbalaly-otbasy-baspana.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»