ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫН БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗУ КЕРЕК
Облыстық дін істері басқармасының мәліметінше, дәстүрлі емес діни бағыттағы азаматтардың басым бөлігі облыс орталығында. Сондықтан қаладағы теріс діни ағымдағы азаматтарды оңалту жұмыстарының белсенді жүргізілуі маңызды. Бүгін қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі комиссия отырысында қаладағы діни ұстанымдағы жастармен жүргізілген жұмыстар және Рамазан айына дайындық шаралары пысықталды.

Қаладағы жастармен жұмыс қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа жүктелген. Орталықтағы теологтар теріс діни ағымда жүр деп күдікке алынған жастармен жұмыстар жүргізуде.
– Үш ай ішінде теологтар жат діни ағымның жетегіндегі 50-ден аса азаматпен кездесу өткізді. Оларға әлеуметтік анықтамалар беріліп, қазіргі уақытта оңалту жұмыстары қолға алынды. Экстремизм мен терроризм бабы бойынша түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тұлғалармен тұрақты кездесу, тұрғындарды дәстүрлі емес ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатымен «Теологиялық кеңес» тақырыбында жеке қабылдау шаралары ұйымдастырылады. Теология саласы бойынша 500-ден аса жастың қатысуымен 11 іс-шара өткіздік, – дейді орталық басшысы Болатбек Сахиев.
Негізгі шаралар жастар көбірек шоғырланған «Мирлан» базары аумағында, оқу орындарында өткізілуде. Сондай-ақ орталық Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да бірнеше күндік діни дәріс сабақтарын жүргізуді қолға алды. Бұл басқа оқу орындарында да ұйымдастырылмақ.
Кеңесте Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да және кәсіптік-техникалық оқу орындарында жүргізілген жұмыстар комиссия назарына ұсынылды. Баяндамашылардың ақпаратына сүйенсек, студенттердің көпшілігі ІІ курсқа аяқ басқанда дінге бет бұра бастайды және басым бөлігі жатақханаларда тұратындар. Сол себепті жатақхана тұрғындарымен жүйелі кездесулер өткізіледі. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да «Рухани жаңғыру» орталығы құрылып, арнайы пән енгізілген. Бұл пәнде Елбасының бағдарламалары, өзін-өзі тану, құқықтық сауаттылықпен қатар дін тақырыбы да қамтылады.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов жастардың теріс діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыру үшін жалпы жұмыстардан бөлек, дәстүрлі емес бағытты ұстанғандармен өткізілетін шараларды күшейту қажеттігіне назар аударды. Бұл орайда облыстық әкімдіктің терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің басшысы Талғат Нығмет теріс ағымдағы азаматтардың басым бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар екенін атап, оларға арнайы мамандардың қатысуымен мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру қажеттігін ұсынды. Сондай-ақ комиссия мүшелері оқу орындарында дін мәселесі бойынша айналысатын мамандардың сауаттылығын, біліктілік деңгейлерін арттыру қажеттігін атап өтті.
Жиында Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдірахманов Рамазан айына дайындық жұмыстарына тоқталса, комиссия төрағасы Бақытжан Нарымбетов қала әкімдігі тарапанын жоспарланған іс-шаралармен таныстырды.
– Рамазан айында Тәжиден Батырұлы мешітінің ауласына киіз үй құрылады. Қасиетті Қадір түнінде байқау түрінде шара өтеді. Спорттық шаралар ұйымдастыру үшін арнаулы алаң дайындалмақ. Аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек шаралары, Қадір түнінде қала әкімдігі тарапынан ауыз ашар дастарханы мен таңсәрілік ас ұйымдастырылмақ. Мешіт маңында полиция қызметкерлері кезекшілік жасайтын болады, – деді Бақытжан Хаберұлы.
Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Тәжиден Батырұлы мешітіне келушілерге келеңсіздік болмауы үшін мешіт орналасқан Ж.Досмұхамедов атындағы көше бойына заңсыз тұратын такси көліктеріне тыйым салу, қажетті органдармен рейд өткізу қажеттігін де атап өтті. Әсіресе, Рамазан айында мешітке келушілер үшін жағдай жасалуы керек. Бүгінге дейін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жергілікті полиция қызметімен бірге 12 мәрте рейд жүргізіп, 100-ге жуық хаттама толтырған. Такси көлігін қоюға болмайтыны туралы белгі де қойылған. Дегенмен, сол орынға көліктерін қоятын такси жүргізушілері тыйылар емес.
Сондай-ақ мешіттен келген өкілдер Тарауық намазынан шыққан жамағатты түн ортасында үйлеріне жеткізу үшін көлік қарастыруды ұсынды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу