8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2019 2796 0
Қоғам

РЕЖИССЕРЛЕР ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАДЫ

        18-22 сәуір аралығында Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының кіші залында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен халықтық театр және көпшілік шаралардың режиссерлеріне арналған «Кеңістік. Режиссура. Қолтаңба» аймақтық шеберлік сағаты оздырылды.

Облыс аудандары мен қаладан 24 режиссер қатысты. Шеберлік сағатына арнайы Алматы қаласы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы режиссері Дина Жұмабай қатысып, «Қазіргі театрдағы классика жанры», «Қазіргі театр режиссурасы», «Станиславскийден Мейерхольдқа дейін» тақырыбында дәрістер өткізіп, тәжірибе алмасты. Ал Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және мәдениет факультеті, «Өнер» кафедрасының оқытушысы, Шымкент қаласы әзіл-сықақ және сатира театрының қоюшы режиссері Самат Алтаев «Бұқаралық іс-шара ұйымдастырудағы режиссерлік интерпретация»,  «Қоғамдық маңызды ресми мерекелерді ұйымдастыру», «Ұлттық және дәстүрлі шаралар, заманауи шаралар», «Көпшілік мәдени тынығу жұмыстарындағы режиссерлік ұстаным, этика, қолтаңба», «Мемлекеттік ресми мерекелерді ұйымдастырудағы режиссерлік көзқарас» тақырыбында пікірталас,  тренингтер жүргізді.

Шеберлік сағаты режиссерлер үшін даму, шығармашылық тәжірибе алмасу алаңына айналды. Кәсіби біліктілік, шеберліктерін шыңдап және заман талабына сай өзін-өзі дамыту форматын жаңартты. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар  табысталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»