8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2019 2355 0
Қоғам

БҚО-ДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Бөрлі ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен, Бөрлі аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Құран кәрімді» мәнерлеп оқудан VIII республикалық құран жарысының БҚО бойынша іріктеу кезеңі өтті.

Айтулы іс-шара ауданның орталық мешіті саналатын Ақсай қалалық мешітінде өтті. Құран сайысына облыстың түкпір-түкпірінен өтініш білдірген мешіт жамағаттары мен шәкірттер қатысты. Басты мақсат – ислам дінін насихаттаумен қатар, жастарды рухани ілімге тәрбиелеу. Жарысқа ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Е.Қарақұлов, Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы С.Әлібаев, Орал облыстық орталық мешітінің ұстазы Р.Әкімов төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады.
Құран кәрімді мәнерлеп оқу бойынша ІІІ орынды маңғыстаулық Әсет Сәрсенов, ІІ орынды ақжайықтық Ерлан Айтенов, ал доданың бас жүлдесі оралдық Шаман Оралханға бұйырды.

Ш.Оралхан сәуір айында Алматы қаласында өтетін республикалық жарыста өңір намысын қорғайтын болады.

Үміт Ізтелеу, Бөрлі ауданы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»