8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2019 2597 0
Спорт

МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АЯҚ ДОПТАН ЖАРЫСТЫ

Бөрлі ауылының Бөрлі спорт кешенінде мешіт жамағаты арасында аяқ доптан Бөрлі ауданының ІІ ашық біріншілігі өтті. Оған облысымыздың аудандарынан сегіз команда қатысты.  

Біріншіліктің ашылуына Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Көшкінбаев, ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Е.Қарақұлов қатысты.

Спорттық ойын Ақжайық, Бәйтерек, Жаңақала, Қазталов, Подстепный, Теректі, Шыңғырлау, Ақсай мешіттері командалары арасында өтті. Алғашқы кезеңде командалар жеребе тартып, олимиадалық жүйе бойынша ойнады. Жеңіп шыққандар келесі анықталған командамен ойындарын жалғастырды.


Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға Жаңақала ауданының командасы лайық деп танылса, екінші орынды Бәйтерек ауданы, ал үшінші орынды Ақжайық ауданының командалары қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, жарыстың «Үздік ойыншы» аталымымен Ерсұлтан Қаналиев (Жаңақала ауданы), «Үздік шабуылшы» аталымымен Қайрат Нагибов (Ақжайық ауданы), «Үздік қорғаушы» аталымымен Азат Нұрмұханов (Бәйтерек ауданы), «Үздік қақпашы» аталымымен Қайрат Мергенев (Бәйтерек ауданы) марапатталды.


Үміт Ізтелеу, Бөрлі ауданы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»