ОРАЛДА Х УНИВЕРСИАДА САЙЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Жастар жылы аясында республикалық Х жазғы универсиада ойындары басталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының қолдауымен универсиада ойындары 18 спорт түрі бойынша еліміздің жеті қаласында оздыралады. Орал қаласында өтетін үш спорт жарысын Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті ұйымдастыруда. Ауқымы үлкен спорттық шараның өтуіне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы да қолдау көрсетуде. Бүгін елдің әр түкпірінен жиналған 11 жоғары оқу орны командаларының қатысуымен «Еуразия» туристік сауықтыру кешенінде «спорттық бағдарлау» сайысы салтанатты түрде ашылды.

Екі жылда бір мәрте өтетін универсиаданың мақсаты – студент-жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде спортты дамыту. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева ашып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
– Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Назарбаев жастар арасындағы бұқаралық спорттың дамуына басымдық береді. Себебі – болашақ жастардікі. Спортта ғана емес, өз өмірлеріңізде бағдарларыңызды табуларыңызды тілеймін, – деді Әсия Рахымқызы.

Командалардың таныстырылымынан соң қатысушылар универсиада аллеясына көшет отырғызып, естелік қалдырды.


Бүгін «Еуразия» ТСК аумағында «Спорттық бағдарлау» жарысы басталды. Ол 21 сәуір күні мәреге жетпек. Одан кейін студенттер садақ атудан, мамыр айының ортасында ерлер арасындағы бокстан сынға түседі.
Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы спорт шараларын өткізу зертханасы басшысының орынбасары Мира Мұхамадиеваның айтуынша, спорт жарыстары Оралдан бөлек Шымкент, Өскемен, Семей, Тараз, Алматы, Ақтөбе қалаларында өтуде. Универсиада 9 маусымда Ақтөбе қаласында қорытындыланады. Спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша ҚР-ның студенттік құрамасы жасақталып, елімізді шілде айында Италияның Неаполь қаласында өтетін ХХХ Дүниежүзілік Универсиадада таныстыратын болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА

Дәуренбек Жұманбеков, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универсиетінің студенті:
– Жарысқа жақсы дайындықпен келдік. Командамызда 9 спортшы бар. Спорт шеберіміз. Бұған дейін оңтүстік облыстарда өткен «спорттық бағдарлау» жарыстарына қатысып, жүлделі орындарды иемдендік. Оралдан жүлдесіз кетпейміз деп сенемін.

Лейла Арынова, Алматы Қыздар педагогикалық университетінің студенті:
– Спорттық бағдарлаудың ерекшелігі – қатысушы картаға қарап жүгіре жүріп, тапсырмаларды орындайды. Яғни, спортшының дене күшімен қатар логикалық ойлау қабілеті жетік болуы керек. Бұған дейін осы спорт түрі бойынша Павлодарда ұйымдастырылған қысқы универсиадаға қатыстым. Қызықты, сәтті өтті. Орал өңірі бізді жақсы қарсы алды. Сайыс та жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймын.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу