ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ІСІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДА ҚАРАЛДЫ
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Мадина Наурызбек Әдеп жөніндегі комиссия қызметінің жұмыс нәтижелері туралы ақпарат берді.

2018 жылы Әдеп жөніндегі Комиссияның 5 отырысы, 2019 жылы 1 отырысы өткізіліп, онда 18 мәселе қаралған. Оның ішінде, тәртіптік істер – 12, әдеп жөніндегі уәкіл қызметі туралы – 4 және тәртіптік комиссиялар қызметі – 2. Әдеп кодексін бұзғаны үшін 4 қызметшіге – ескерту, 3 қызметшіге – қатаң сөгіс жарияланды, 1 қызметші атқаратын лауазымынан босатылды.
Мысалы, Парламент Сенаты Аппаратының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің меңгерушісі Е. бағынысты қызметкерлерге қатысты дөрекі және әдепсіз мінез-құлқында, ұжымда қолайсыз моральдық-психологиялық ахуал туғызғаны, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны, Заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамағаны үшін атқарып отырған қызметінен босатылды.
Тағы бір тәртіптік іс Әділет министрліктің қызметкерлеріне қатысты қозғалды. Нәтижесінде, И. және М. есімді мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 68-тармағындағы «тәртіптік комиссияның қызметіне қандайда бір араласуға жол берілмейді» делінген талабын бұзғаны үшін Министрліктің тәртіптік комиссиясы отырысының барысына заңсыз араласқаны үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 29 қаңтары күні Комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Төрағасының орынбасары О.-ға қатысты тәртіптік іс қаралды. Атап өту қажет, Агенттіктің қызметтік тексеру жүргізуіне Мәдениет және спорт министрлігінің материалдары және полиция органының О.-ға қатысты толтырылған әкімшілік хаттамасы негіз болды.
Қызметтік тексеру қорытындысымен О. әрекеттерінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болуымен көрінген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің бұзушылықтары анықталған. Нәтижесінде комиссия Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Төрағасының орынбасары О.-ға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Айтап өту жөн, Комиссияның құрамына орталық мемлекеттік органдарының өкілдері, соның ішінде, құқық қорғау органдарының мүшелері, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу