8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Сәуір 2019 2209 0
Қоғам

19 ПОЛИЦЕЙ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

        Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жеке құрамын жазғы киім нысанына көшіруге байланысты Жеңіс алаңында салтанатты түрде саптық байқау өтті.

          Бұл саптық байқаудың мақсаты  ішкі істер органдары қызметкерлерінің саптық жарғы ережелерін меңгеруін, саптық дағдының дәрежесін анықтап, қызметкерлердің түр тұлғасын, киім кию үлгісінің ереже талаптарына сай болуын тексеру болып табылады.

Саптық байқау кезінде қызметкерлердің нысанды киімі, жетондары мен кеуде белгілерінің бар болуы, қызметтік куәліктерінің сәйкес болуы, жарғыны білуі, олардың сыртқы келбеті, сондай-ақ қызмет өткеруге дайындығы тексерілді.

– Полиция қызметкерлері халықпен, сондай-ақ, елімізге шет елдерден түрлі миссиялармен келген қонақтармен  тығыз жұмыс жасайды. Сондықтан азаматтармен қарым-қатынас кезінде нысандық киімдер таза әрі ұқыпты болуы шарт. Сонда ғана халықтың полицияға деген көзқарасы өзгеріп, сенімі артатын болады», – деді  Бағдар Нұралыұлы.

Салтанатты іс-шара кезінде ішкі істер органдарының қатарына алғаш рет қабылданған 19 жас полиция қызметкері Ант қабылдады.

Осынау шара Орал полициясы гарнизонының салтанатты шеруімен аяқталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»