Шетелде ұлттық киімді ұлықтады
Қашанда халық сенімінен шығу, халыққа қызмет ету үлкен жауапкершілік жүктейтіні анық. Ел-жұрт сеніммен сайлаған халық қалаулылары өзінің жұмысымен қоса, тұрғындардың мәселелерін шешуде айтарлықтай істер атқарып келеді. Олар қаламыздың әлеуметтік-экономикалық тынысына қатысты жайттарды шешуге атсалысады. Бұл ретте VІ шақырылымнан сайланған қалалық мәслихаттың жас депутаты Ләззат Рысбекова да белсенді жұмыс істеуде.
Ләззат Тұяқбайқызы 1976 жылы 7 мамыр күні Орал қаласында мұғалімдер отбасында дүниеге келді. 1993 жылы шаһардағы №1 орта мектепті бітіріп, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне бухгалтер-қаржыгер мамандығына оқуға түседі. Екінші заңгер мамандығын Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясынан алады. Қазіргі уақытта – экономика және қаржы магистрі. Еңбек жолын БҚО бойынша ҚР Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау комитеті Басқармасының қызметтер саласы бөлімінің аға бақылаушы-ревизоры болып бастаған. Бұдан соң «Қазақтелеком» АҚ филиалының Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясында қызмет етеді. Кейін БҚО прокуратурасында сыбайлас жемқорлықпен күрес тобының маманы, мемлекеттік мекемелер қызметіндегі заңдылықты бақылау бойынша Басқармада облыс прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарады. 2011 жылы Орал гуманитарлық колледжінің қаржылық директоры лауазымына тағайындалады. 2015 жылдан бері БҚО Іскер әйелдер Ассоциа-циясын басқарып келеді. «Білім саласындағы дәстүрді сақтау мен инновацияға қосқан үлесі үшін» (2014 ж. Женева, Швейцария), «Ұйымдарды басқарудағы жетістігі үшін» (2015 ж. Лондон, Великобритания) түрлі марапаттарға да ие болған.
– Әр депутат өз сайлау округі бойынша қоғамдық қабылдауларды жүргізіп қана қоймай, мәселелерді қаншалықты шешкені жөнінде мониторинг жасап отырады. Осы жолы Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында еліміздің алдағы болашағына бағдар жасап берді. Сондай-ақ, Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан азаматтарымыз хабардар болуы қажет қой. Жалпы алғанда әрбір депутат өз бағдарламасы аясында сайлаушылардың алдында міндеттемелер алды. Соның ішінде халықтың мүддесін білдіретін және барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік мақсаттар мен міндеттерге қоса, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған істерді, бюджеттің шығыс бөлігін көбейтуге және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері қаралған. Партия филиалындағы қоғамдық қабылдауға да тұрғындар әр түрлі арыз-шағымдармен келеді. Өтініштердің басым бөлігі жұмыссыздық, баспана, жер, материалдық көмек көрсету және тұрғын үй шаруашылығы мәселелеріне саяды. Осының бәрін мұқият сараптап, қолымнан келетінін шешуге тырысамын. Кейбір жайттар жөнінде жергілікті әкімдікке депутаттық сауалдар жолдаймын, – дейді Ләззат Тұяқбайқызы.
Жас депутат әсіресе, өсіп келе жатқан жеткіншектердің сапалы білім мен тәрбие алу мүмкіндігін жетілдіру, оларды еңбекке баулу, жат әдеттерден аулақ болуы, салауатты өмір сүруге, мектеп оқушыларының бос уақытын өткізуде спортпен айналысуларына көңіл бөліп, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына көмектесіп отырады. Қайырымдылық шараларына да барынша атсалысады. Мәселен, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында округіндегі №6 орта мектеп, кешкі мектеп және «Лесная сказка», «Шолпан» балабақшаларындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған көгенкөздер мен жартылай жетім, аз қамтылған отбасылардың балаларына қажетті оқу құралдар мен киім-кешектер әперуді жауапкершілігіне алған. Ол «Мейірімділік» акциясы шеңберінде ауыр дертке шалдыққан округ тұрғындары Г.Акаповтың, Ш.Бигалиеваның ұлдарының еміне қаржылай көмек көрсетсе, «Қуан, бала!» акциясында №6 орта мектептің көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларына заттай, азық-түлік тұрғысында қайырымдылық жасады. Сондай-ақ Әйелдерге арналған дағдарыс орталығына барып, өмірдің қиын жағдайына тап болған нәзік жандарға психологиялық, моральдық қолдау көрсетті. Партияның «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыстық балалар үйі бүлдіршіндерінің жанынан табылды. Балаларға тәттіге толы дастархан жайып, түрлі мультфильм кейіпкерлерін қонаққа шақырды. Осылайша бүлдіршіндерге көңілді кеш сыйлап, қоржындарын сыйлыққа толтырды. Дәл осы күні Көшім ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы орталыққа да соғып, мерекемен құттықтады. Өз ісіне мығым Ләззат Тұяқбайқызы былтыр Ақтөбе қаласында Отан алдындағы қызметтік борышын өтеу барысында қаскөйлердің қолынан қаза тапқан жерлесіміз Берік Қалиевтың шаңырағына арнайы ат басын бұрып, шиеттей балаларын айтулы мерекемен құттықтап қайтты.
– Сайлау округім бойынша сайлаушыларымның аулаларды абаттандыру, балалар алаңқайларын салу жөніндегі ұсыныстары қаралуда. Тұрғындардың тарапынан айтылған мәселелер нақты шешім тауып келеді. Биыл қалалық бюджеттің көлемі артты. Қала аумағында қомақты жұмыстар атқарылады деп күтілуде, – деген Ләззат Тұяқбайқызы партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында да аянып қалған емес. Аға буын өкілдеріне үнемі қарайласып, әр мереке сайын материалдық көмек көрсетсе, «Жас Отан» жастарымен қариялардың үй шаруашылығына қарасып тұруды дәстүрге айналдырған.
Жігерлі жан БҚО Іскери әйелдер Ассоциациясын басқарып қоймай, оның қоғам алдындағы белсенділігін арттыру үстінде. Таяуда ғана Ләззат ханым қазақстандық 85 делегатпен бірге Японияның Токио қаласында өткен жаһандық Саммитке қатысып қайтты. Саммитте әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған нәзік жандар бизнестегі көшбасшылық, іскерлік қарым-қатынас туралы тың идея-ларымен бөлісті. Депутат осы сапарында ұлттық киімдерімізді өзге ұлттар арасында насихаттап, шетелдіктерді бір таңдай қаққызды. Бүгінде оралдық жерлестері оның ұлтжандылық қасиетін де мақтан тұтуда.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу