СЕНБІЛІК БЕЛСЕНДІ ЖАЛҒАСУДА
Орал қаласында жалпықалалық сенбілік жалғасуда. Бүгін санитарлық тазалықпен қатар тал егу шарасы бастау алып, қала аумағына 2000 терек егілді.

Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаевтың және қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеровтың бастауымен бір топ жастар Зашаған кентінде тал егуге жиналып, Саратов тас жолы бойына 150 сүмбіл теректі түптендірді.
– Зашаған кенті жыл санап ұлғайып келеді. Сондықтан аумақты көгалдандыру да назарда. Өткен жылы осы жерге 300-дей көшет егілді. Биыл сол жұмысты жалғастырудамыз. Келесі сенбілікте өткен жылы жол жөндеу жұмыстары аяқталған Деповская, Қызылжар көшелеріне теректер егіледі. Сондай-ақ жаңа 5 шағынаудан жас көшеттермен толығады. Жалпы 10 мыңға жуық тал егу жоспарланды. Әрі түрлерін де көбейттік, – деді Мұрат Рахметұлы.
Тазалық шаралары «Жұлдыз», «Сарыарқа» шағын аудандары мен Шолохов, Тәуелсіздік, Бурсиловский, Айтқұлов, Жәңгір хан көшесінде, қалалық мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауында студенттердің, қалалық құрылымдық бөлім мамандарының қатысуымен өтті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Орал гуманитарлық колледжі мен Құрманғазы атындағы саз колледжі студенттері және мәдениет, спорт саласы қызметкерлері 3 гектар аумақты камтитын саябақтың оң жағалауын екі сағат ішінде қураған ағаштар мен жапырақтардан, қоқыс-қалдықтардан арылтты

Жалпы бүгінгі сенбілікке мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ коммуналдық мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен 16 812 қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, қаламыздың ЖОО және колледждерінің 950 студенттер, соған қосы 300 жұмысшының қатысуымен қаламыздың 54 ПИК сенбілік бойынша өз жұмыстарын атқарды. Жолаушы тасымалдау мекемелерінен 5 автобус және 30 борт жұмылдырылып, 414 текше метр қоқыс шығарылды.

Орал қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, келесі сенбілік «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» аясында қала аумағында көшеттер отырғызу жұмыстарына арналатын болады. Көшет түрлері мен саны, отырғызу орындары анықталды. Оған студенттер, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік қызметшілерді жұмылдыру жоспарланып отыр.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу