8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2019 1633 0
Без рубрики

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

   2019 жыл – жастар жылы болып жарияланды. Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Әр жастың әлеуеті мен таланты ел игілігі үшін пайдаланылып, бағалануы тиіс. Таяуда «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде  өткен «Startap-КАЗИИТУ-2019» жастар инновациялық жобасы осы бағытты көздеді.  

          Жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайтын байқау жастардың ғылыми, инновациялық және кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту мақсатында аталмыш университет пен колледж студенттері және мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған болатын.

Байқауды ашқан «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов қазіргі жастар зияткерлік жұмылдыруға, инновациялық идеяларды генерациялауға, сындарлы жобалар мен ұсыныстарды ұсынуға қабілетті болуы керегін атап өтіп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға қатысушылардың жұмысы жоба идеясы, инновациялылық, жүзеге асу мүмкіндігі, экономикалық тиімділігі критерийлері бойынша бес балдық жүйемен бағаланды. Әсіресе, Цифрлық технология, архитектура және құқықтану халықаралық колледжінің студенттері Дастан Зайнуллин мен  Райымбек Дүйсембаевтың «Жылы баспана», қаладағы №5 орта мектеп оқушысы Дильназ Жүсіпкерееваның «Мектеп жылы жайындағы бөлме өсімдіктерінің өсіп-дамуына фитогормондар әсері», Республикалық Жоғары техникалық колледжінің студенті Мирас Медеудің «Kaz Automatic Parking», Құдабек Кузанбаевтың «Телекоммуникация саласы бойынша бизнес жобасын дамыту» жобалары көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Байқау нәтижесінде қаладағы М.Ықсанов атындағы №36 орта мектеп оқушылары Даниял Демеуов пен Сәкен Махамбетовтің «Жел энергиясын тиімді пайдалану» тақырыбындағы жобасы жеңімпаз деп танылды. Қос дарынның жетекшісі, жоғары санатты педагог  Алмагүл Көпжасарова шәкірттерінің бұл додада топ жарарына сенген. – Даниялға 5 сыныптан жетекшілік етемін, әрі физика, информатика пәндерін оқытамын. Ал Сакенге 9-сыныптан бастап  физика пәнінен сабақ беремін. Бұл екі оқушы да жауапты, ұқыпты, білімді, сауатты, ізденгіш. Үнемі  бағыт-бағдар беремін, сол бойынша жұмыстанады, – дейді ол.

 

Даниял Демеуов, жоба жеңімпазы:

–   «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені ұйымдастырған инновациялық байқауда «Жел энергиясын тиімді пайдалану» тақырыбында ұсынған жобамыз жүзден жүйрік шықты. Зерттеудің мақсаты – энергия үнемдеу әдістерін анықтау және кешенді зерттеу болатын. Бұл ғылыми жұмыста жаңа аспаптық құралдың жобасы ұсынылған. Бұл жоба осы проблемамен байланысты адамдар үшін үлкен жаңалық болуы мүмкін. Төбеде орналасқан жел диірменінің күші әлдеқайда жоғары болғандықтан, шығын үнемдеу, құрылғының тұрақты жұмысы, экологиялық салдардың қарапайымдылығы бар. Жоғарыда аталған ғылым мен техниканың дамуындағы инновация. Мысалы, жел энергиясының тәуелділігін пайдалануға болады. Теориялық және практикалық білім нәтижесінде құрастырылған аспаптың табиғат пен адамға пайда әкелетінін дәлелдегіміз келді. Қазіргі таңда күн көзінен, желден, су ағысының күшінен  тағы басқа сарқылмайтын ресурстардан энергия алу ойластырылуда. Сонымен қатар табиғатқа және адамға зиян келтірмеуі қарастырылуда. Ал біздің ұсынған жобамыз жаңа технологиялық құрылғылар көмегімен қуатты үнемдеуге бағытталған.

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
63 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
245 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
285 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
563 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
575 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
701 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1003 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1095 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1122 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1332 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1604 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1829 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1868 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2015 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2214 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»