8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2019 3117 0
Қоғам

ӘЛЕМНІҢ ҚАЙ ЕЛДЕРІНДЕ ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ЖИІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

2018 жылы өлім жазасы деректері үш есеге азайған. Бұл туралы Amnesty International құқық қорғау ұйымы зерттеу нәтижелері сайтында жариялады. Зерттеу мәліметінше, 2018 жылы кемінде 690 адам өлім жазасы арқылы өлтірілген. Баяндамада мұның соңғы он жылдағы ең төменгі көрсеткіш екені айтылады. «Әлемде өлім жазасына кесу шарасы кенеттен қысқарды, яғни бұл дегеніміз біз күткен елдердің өзінде басқа жолдарын қарастырып, осы шара арқылы барлық мәселені шешпейтінін аңғарғанын көруге болады», – деді ұйымның бас хатшысы Куми Найду. Өлім жазасына кесу бойынша көшбасшы елдер қатарында Қытай, Иран, Сауд Арабиясы, Вьетнам және Ирак сынды мемлекеттер бар. Алайда осы зерттеу нәтижесінде Қытай мәліметтері есептелмеген. Өйткені Қытайда мыңдаған өлім жазасы шарасы мемлекеттік құпия ретінде қаралады екен. Сондай-ақ, Иран, Ирак, Пәкістан және Сомалиде өлім жазасына кесу деректері азайған. Мысалы, Иранда 50 пайызға азайыпты. Ал Беларусь, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Судан және АҚШ-та бұл көрсеткіш өскен. Баяндамада БҰҰ-ға кіретін 193 елдің 106-сы өлім жазасын толықтай алып тастағаны, ал 36 мемлекетте мүлде қолданылмайтыны айтылады.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»