8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Сәуір 2019 2031 0
Өзек

КИІК МҮЙІЗІМЕН ШЕКАРАДАН ӨТПЕКШІ БОЛҒАН

9 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы  «Сырым-Авто» шекара бекетінен киік мүйізін өткізбекші болған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. 

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 9 сәуір сағат 11.45 шамасында «Сырым-Авто» шекара бекетінде  шекара қызметімен бірлесе тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының 1970 жылы туған азаматын ұстады. Бұл азамат қол сөмкесінің ішіне 148 дана киіктің мүйізін салып алып, шекарадан өтпекші болған.
БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған  факті бойынша Бәйтерек ауданының Приурал полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).

«Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы 30 сәуірге дейін жалғасады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»