8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2019 1623 0
Қоғам

АРАНДАТУДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ

         Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен азамат К.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, сот залында қамақтан босатты. 

Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен К. «кептірілген марихуана» есірткі затын заңсыз өткізді деп танылып, ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жазасын өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген. Бірақ, сотталған К. мен оның қорғаушысы, сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым келтірген болатын.

Батыс Қазақстан облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, іс материалдарына сай, К. «марихуана» есірткі затын сақтап, оған қатысты жасалған жасырын тергеу әрекеттері (бақылатын сатып алу) барысында салмағы 3,64 гр. «кептірілген марихуана» есірткі затын полиция қызметкерлерімен тартылған С. есімді куәгерге (лақап аты ) 4000 теңгеге сатқан. Алайда, іс материалдарын апелляциялық сатыда зерттеу бұл факті бойынша жедел қызметтер тарапынан арандату орын алғанын көрсетті. Атап айтқанда, сот отырысы барысында жедел қызметкерлер тартқан куәгер С. сотталушы К.-ға бір күннің ішінде 5 рет телефон шалып, одан табанды түрде және бірнеше рет есірткі сатуды сұраған.

К. істі бірінші сатыда қарау барысында да, апелляциялық сатыда да есірткіні жеке өзінің пайдалануы үшін сақтағанын, оның сатуға (өткізуге) ниеті болмағанын, куәнің бірнеше мәрте табанды түрде есірткі сатуды сұрап, бірнеше рет телефон шалғасын, яғни оның тікелей әсер етуі салдарынан ғана есірткіні сатқанын мәлімдеді.  Іс бойынша К.-ның есірткіні полиция қызметкерлерінің араласуынсыз сатқаны немесе бұндай әрекеттерді басқа тұлғаларға қатысты жасағанын растайтын басқалай дәлелдемелер жоқ. Іс материалдарында К.-ның есірткі сатуға қатысы барлығын айқындайтын қажетті негіздер жоқ.

Істі апелляциялық тәртіппен қараған қылмыстық істер жөніндегі алқа, іс материалдарын толық зерттеп, тараптардың уәждерін тыңдап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп, К.-ның әрекеттері ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігіне қайта дәрежеленді, яғни ол есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Ал бұл құқық бұзушылық, ҚК-нің 10-бабының талаптарына сай, қылмыстық теріс қылық болып табылатындықтан, оған 160 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Азамат К.-ның 8 айға жуық мерзімі қамақта болғаны ескеріліп, тағайындалған жаза өтелген деп есептелді. Ол сот залынан босатылды.

Бірінші сатыдағы сот үкімінің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Осылайша, облыстық соттың соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы азамат К.-ның бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
115 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
335 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
821 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1199 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1115 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1559 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2173 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2341 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2347 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2398 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2401 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2032 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2882 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2935 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2931 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3542 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3513 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3500 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3478 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3639 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3686 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»