8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2019 2010 0
Өзек

КОМАНДИРІН ӨЛТІРГЕН ҚЫЛМЫСКЕРГЕ ҮКІМ ШЫҚТЫ

Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рүстем Рақышевті өлтірді деп айыпталған Серік Ғарифке үкім шығарды.

Судья Бақыт Ермахановтың мәлім еткеніндей, сот шешімімен Серік Ғариф ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сондай-ақ сотталушы жәбірленуші тараптың материалдық шығыны үшін 2,7 млн. теңге  және моральдық шығын үшін 4 млн. теңге төлеуі тиіс.  Сот Серік Ғарифті сержант шенінен айыру туралы қаулы шығарды.

Бұдан бөлек сот БҚО прокуратурасының  Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімін тексеру туралы жеке қаулы шығарды.

Сот шешімі күшіне енген жоқ.

Ақжайық ауданында ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасын 2-батальонының  взвод командирі  болған Рүстем Рақышевтің әкесі сот шешімімен келіспейтінін және шағымдануға ниетті екенін жеткізді.

Айта кетейк, оқиға 2018 жылдың 6 қыркүйегінде Ақжайық аудандық полиция бөлімшесінің ауласында болған еді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»