«ЖҰЛДЫЗАЙДЫҢ» ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Жыл сайын «Жұлдызай» фестивалі өңіріміздің түкпір-түкпірінен жүздеген дарынды балалардың басын қосады. 2005 жылдан бері ұйымдастырылып отырған бұл шара биыл жоғары деңгейде өтті.

Бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында республикалық «Жұлдызай» фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті. Фестивальдің аудандық кезеңіне 500-ге жуық ерекше қажеттіліктері бар балалар қатысса, облыстық кезеңіне өз өнерлерімен ерекшеленген 150-ден аса бала бақ сынады.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шараның мақсаты – еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерекше балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін дамыту, қоғамдық ортада өздерін еркін сезінуге көмектесу.
Фестиваль барысында қатысушылар «Вокал», «Хороеграфия», «Ым-ишаратпен ән айту» номинациялары бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар фестивальдің «Бейнелеу өнері», «Көркем-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша театр фойесінде үздік деп танылған жұмыстардан көрме ұйымдастырылып, көрермен көңілінен шықты.
Көңілді кейіпкер аниматорлары мен «Жасұландықтар» балаларға флешмоб ұйымдастырып, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Фестивальдің өтуіне «Орал – Дез» ЖШС директоры Аслан Қарабалин, «Фирма Сервер плюс» ЖШС директоры Алексей Наумов, жеке кәсіпкер Күнсұлу Қиламбекова, «Стекло Сервис» ЖШС директоры Аркадий Рубцов, жеке кәсіпкер Нұржамал Кабакова, жеке кәсіпкер Аухат Оңғаров, жеке кәсіпкер «Art dance» директоры Динара Мерғалиева демеуші болып, қолдау көрсетті.

Барлық қатысушылар білім басқармасының алғыс хаты мен бағалы, естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Облыстық бірінші кезеңнен іріктелген балалар республикалық байқауға жолдама алды.
Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу