8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Сәуір 2019 1733 0
Дені сау ұлт

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛША ЖҰҚТЫРҒАНДАР 40-ТАН АСТЫ

Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов мәлім етті.

Ауру жағдайлары Орал қаласы, Бөкей Орда, Бөрлі, Бәйтерек, Сырым, Теректі аудандарында тіркелген. Аурушаңдық үлкендер арасында басымырақ. Расталған 41 жағдайдың 16-сы 14 жасқа дейінгі балалар.
– Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірге тиісті іс-шаралар кешені жасалды. Арнайы құрылған штаб облыстық, аудандық деңгейде 20-дан аса кеңес өткізді. Осы аурулармен байланыста болған 1141 адам анықталып, эпидемиологиялық көрсетілімдеріне қарай 145-іне екпе салынды. Бекітілген екпе күнтізбесі бойынша қызылшаға қарсы екпе бала 12 айға толғанда жасалады. Одан кейін 6 жасқа келгенде қайта екпе беріледі. Бірақ, қазіргі жағдайда, яғни 1 жасқа дейінгі балалардың ауруға шалдығуы кезігіп отырғандықтан, елімізде 9-10 айынан бастап сәбилерге екпе жасау туралы шешім қабылданған болатын. Бүгінде өңірге 12 мың дозалық вакцина жеткізілді. Әлі екінші жеткізілім күтілуде. 1 сәуірден бастап вакцинациялау жұмыстары басталды, – деді Құрманов.

Департамент басшысы атап өткендей, 9-10 ай аралығындағы сәбилер, 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері, 30 жасқа дейінгі, екпе статусы белгісіз науқаспен қарым-қатынаста болғандар, мүлдем екпе алмағандар егілуде. Сондай-ақ балаларына екпе жасатудан бас тартқандардың 37-сі осы аурудың белең алуына байланысты ойларын өзгертіп, екпе салдырған. Екпе алу тегін.

Қызылша жөнінде мәлімет алу үшін облысымызда құрылған call-орталықтың 8-711-51-82-55, 8-747-760-57-04 телефондарына хабарласуға болады. Сall-орталық тәулік бойы жұмыс жасайды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»