8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2019 2134 0
Қоғам

ЕЛОРДА – ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЛІГІ

Батыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы бастауыш ұйымдарының форумы өтті. «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің Студенттер сарайында өткен «Nur Otan» партиясының облыстық бастауыш партия ұйымдарының форумына Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еңбегін еске алу үшін партияның белсенділері жиналды. Жиында бастауыш партия ұйымдарының мүшелері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктері туралы айтты.                             

Форум жұмысына бастауыш партия ұйымдары мүшелерімен қатар, елорда атауының өзгеруін қолдайтын батысқазақстандықтар да қатысты.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен әлемде көптеген қалалар белгілі мемлекет қайраткерлерінің есімдерін алып жүргенін айтты. Жиналғандарға Тұңғыш Президенттің еңбегі, реформалары халықтың жаппай қолдауына ие екенін жеткізді.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Мәлік Құлшар 90-шы жылдары ел қандай жағдайда болғанын еске алып, Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған реформалар елді бүкіл әлемге танымал еткенін атап өтті.

– Қазіргі таңда әлемді таңғалдырған қала тұрғызудың өзі бұл тұңғыш Елбасымыздың үлкен көрегендігі деп есептеймін. Астана қаласына Елбасы аты берілуі – бұл заңды құбылыс. Иә, қазір әртүрлі пікірлер туындап жатыр, бірақ түбінде тарих өзі таразылайды. Сондықтан қазір Нұр-Сұлтан атауына үйренбегендіктен тосырқай қарағанымызбен, түбінде ол Елбасымыздың үлкен еңбегі деп бағаланатын болады, ұрпаққа мұра болып қалады, – деп өз ойымен бөлісті «Өрлеу» БАҰО» АҚ бастауыш партия ұйымының төрайымы Софья Ізмұханбетова.

«Nur Otan» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері –  жасотандықтар да бұл пікірді қолдады.

– Тұңғыш Президент әрқашан жастарға ерекше көңіл бөлді, соңғы мысалдардың бірі – 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялау. Бір жыл бойы жастардың жол картасы қабылданып, онда жастардың әр түрлі топтарын қолдау бойынша жүйелі шаралар айқын белгіленген. Жастарға қатысты барлық мемлекеттік бағдарламалар жалғасатын болады деп сеніммен айта аламын, – деді «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалы төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев.

Айта кетейік, облыс бойынша 275 бастауыш партия ұйымы бар, олардың 64-і бүгін форум жұмысына қатысты.

 

Кәусар ДҮЙСЕКЕШҚЫЗЫ

 

Шолпан РАЙСОВА, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар» бөлімінің маманы, Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі:

– Астана бүгінде брендке айналды. Астана арқылы қазақтың аты әлемге танылды. Қазақстанның жаңа президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы Астанаға Нұрсұлтан атауын беру жөніндегі жарлығын орынды деп ойлаймын. Бұл дер кезінде қабылданған шешім. Астанамыз Нұр-Сұлтан деп аталуы  ұлтымыздың Назарбаевқа деген құрметі, алғысы деп білемін. Астана еліміздің жүрегі, тәуелсіздіктің символы, халқымыздың мақтанышы боп үлгерді. Барлығымыз үшін Астана, Қазақстан ұғымы егіз. Сондықтан да ел бірлігі артып, Елбасы салған дара да дана жолды жалғай бергеніміз жөн. Жастарға сенім артқан ұлт көшбасшысының алдыға қойған талап-тілектерін, мақсат-мұраттарын іске асыруда бүгінгі ұрпақ бар болмысымен, ынта-ықыласымен ел үшін қызмет етуге әзір. Тұңғыш Президенттің еңбегі зор, мәселен, оның «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында  көптеген маңызды мәселелер қозғалды. Жастар үшін  «Smart Sity»  және  «IT» сынды тағы басқа да оқу, білім беру салаларындағы жаңа технологияларды дендеп енгізу қажеттігін айтуы болашақтың қамын ойлауы.  Елбасы Жолдауында  айтылған экономиканы өркендету талаптарына орай экономика, қаржы саласындағы білікті мамандарды даярлаудың да маңыздылығы жоғары тұратыны рас. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, экономикаға ерекше мән беріп, ішкі-сыртқы саясатты бір жолға қоя білген Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметі үшін Астана атауы «Нұр-Сұлтан» болып өзгергендігін мен толық қостаймын.

 

Аягүл КЕРЕЕВА,  Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ПД-121 тобының студенті:      

–    Сарыарқа төрінен орын алған елордамыздың сәнді-салтанатты түрде  қалаға айналуына  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі зор екенін білеміз. Кешегі арман бүгін міне, ақиқат. Мәңгілік ел болуды аңсадық. Оған қол жеткіздік. Өзге елдермен терезесі тең елге айналуымыз да Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі. Президентіміз көреген саясатының арқасында ұлт көшбасшысы атанды. Осы ретте біз, жастар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін мәңгі сақтау үшін басталған бастама, ұсыныс «Нұр-Сұлтан» атауының астанаға берілуін толық қолдаймыз. Өйткені, елорданың басты сәулетшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
101 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
157 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
396 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
878 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1256 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1153 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1615 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2231 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2396 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2403 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2454 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2459 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2068 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2938 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2992 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2986 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3599 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3567 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3558 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3534 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3694 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»