8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2019 3272 0
Қоғам

КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ҚЫРЫ МЕН СЫРЫ КӨП

             «ҚазИИТУ»  ғылыми-білім кешенінде Құқықтану кафедрасының ұйымдастыруымен криминалистикалық қызмет жүйесіне – 100 жыл толуына орай «Криминалистика – құқықтық тәртіп қызметінде» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов, Ресей Федерациясы бас консулдығы Орал қаласындағы вице-консулы Владимир Волков, ресейлік профессорлар Юрий Афонин, Татьяна Серебрякова және құқыққорғау қызметкерлері қатысты.

 

Алдымен жиналғандар  назарына БҚО полиция департаменті ұсынған жедел-криминалистика туралы бейнефильм ұсынылды. Жиынды ашқан «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлы  ішкі істер жүйесінде бұл саланың негізі қаланғанына биыл ғасыр толуына орай сала мамандарын құттықтады. – 1919 жылдан бастау алған криминалдық полиция қызметіне бүгін 100 жыл.  Қызығы мен қиындығы қатар жүретін осы бір мамандықтың қыры мен сыры көп. Үнемі жан түршігерлік оқиғалардың ортасында жүріп, криминалды полиция бөлімінде жұмыс істеу – үлкен ізденісті талап етеді, – дей келіп, соңғы жылдары криминалистер қылмысты ашуда, оның ішінде қылмыстық тіркеуді автоматтандыруда, айғақ заттарды зерттеуде, сараптамалық зерттеулерді автоматтандыруда компьютерлік технологияның жетістіктері кеңінен қолдануда екенін атап өтті. Жиынды жүргізген ішкі істер саласының ардагері, полиция полковнигі Талғат Рахметовтың баяндауынша, өңірімізде Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Чертилин  криминалистика қызметінің алғашқы ұйымдастырушысы саналады. – Алғашқы жылдары  кәсіби көмек пен кеңес алу қиын болған. Құрал-жабдықтар жетіспеді, арнайы әдебиеттер жоқтың қасы. Оқиға орнына «Фотокор-1» фотоаппаратымен немесе жол камерасымен баруға тура келген. 1997 жылы құқыққорғау саласында реформа болды. Штаттың бөлігі және құрылғылар Әділет министрлігіне берілді. 2014 жылдан бастап криминалистикалық бөлімшелердің зерттеулері сотта сараптау мекемелерімен  теңестірілді, – дей келіп, саланың бүгінгі таңдағы жеткен жетістіктеріне, жаңашылдықтарына тоқталды. Криминалистің қылмыс ашудағы жедел әрекеті мен қырағылығын нақты мысалдармен түсіндірген БҚО полиция департаментінің жедел криминалистикалық басқармасының басшысы Серік Садықовтың айтуынша, қазір күдіктіні жедел табуға мүмкіндік беретін саусақ іздері жүйесін әр оқушының өзі жақсы біледі.   – Біз қол-саусақ іздерін алғаннан кейін криминалистикалық зерттеу жүргіземіз. Дактилоскопия латын тілінен аударғанда «қол-саусақты зерттеу» деген ұғымды білдіреді. Бір саусақ ізін зерттеуге 15-20 минут уақыт кетеді. Сондай-ақ, тұлғасы анықталмаған мәйіттердің де саусақ іздерін алып, қормен салыстырып тексереміз. Адамның қолындағы папиллярлық өрнектердің өмір бойы өзгермейтіні және ешкімдікіне ұқсамайтыны дәлелденген. Яғни, әрбір адам қайталанбас таңбаға ие. Жалпы, жер шарында алты жарым миллиард адам болса, солардың қол-саусақтары бір-біріне ұқсамайды. Қол-саусақ іздері ананың құрсағында алты айлық кезінде пайда болып, сол бедерлер өлгенше өзгермейді. Саусақ іздерін алудың өзіндік тәсілдері бар. Егер жабық бөлме болса жуып-сүртілсе де саусақ іздері бір айға дейін қала береді. Полиция қызметкерлері оқиға болған жерге келіп, қылмыскердің рөліне енеді. Оның есікті қалай ашып кіргенін, жүріс-тұрысын психологиялық тұрғыдан зерттейміз. Үйді шашуды қай жағынан бастағанын әрбір ұстаған заттарынан зерттеп, содан қол-саусақ іздерін аламыз. Бұрын криминалистер «Рубин» порошогын анық көрсететін магнитті қылауышпен қолданса, қазір оның орнын йодты түтікше, нингидрин, цианокрилат және басқалар ауыстырды, – дейді сала маманы. Бұдан соң сөз алған БҚО Әділет департаментінің сот сараптама институтының директоры Аман Есбаев сот сараптама жасаудың қазіргі жағдайын баян етті. Ал құқыққорғау саласының ардагері Қабдығали Ахметов криминалистиканың қолдану тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ студенттер де «Қылмысты ашуда жаңа криминалистикалық технологиялармен әдістерді қолданудың өзекті мәселелері», «Адам өлтіруді тергеудің криминалистикалық әдістері»  тақырыптарында баяндама жасады. Жиын соңында арнайы қарар қабылданып, Самара университеттің «Құқықтану кафедрасы» арасында меморандумға қол қойылды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Ақерке ХАЛЕЛОВА, Құқықтану факультетінің студенті:

–   Қылмыстың ұйымдасқандығы, кәсібилігі, жаңа техникалармен қарулануы криминалистикалық ғылымды жаңадан өңдеп зерттеуге, яғни жаңа озық компьютерлік технологияларды қолдануды, қылмыстардың алдын алу, тергеуге жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізуді талап етеді. Міне, сол себептен қылмыспен күресуде криминалистика ғылымының жетістіктерінің қылмысты ашуға үлкен маңызы бар.

Соңғы жылдары криминалистер қылмысты ашуда, оның ішінде қылмыстық тіркеуді автоматтандыруда, айғақ заттарды зерттеуде, сараптамалық зерттеулерді автоматтандыруда компьютерлік технологияның жетістіктері кеңінен қолдануда.

Ал бұл, криминалистика саласындағы көптеген бағыттағы жұмыстарды тиімді өзгертуге және криминалистердің жұмысын жеңілдетуге септігін тигізуде. Тіркеу жүйесін автоматтандыруда, айғақтарды зерттеуді жеңілдетуде, сараптама жүргізудің автоматизациялануын қамтамасыз етуде, жалпы қылмысты тергеу процесін тездетуде криминалистер үшін компьютердің алатын орны зор деуге болады. Яғни, қазіргі ақпараттық технологиялар құқық қорғау органдарының қызметінің тиімділігін арттыруға тиімді әсерін тигізуде.

 

 

 

          Ербол НУРУЛЛАЕВ, студент:

– Тергеу жұмыстарын жоспарлау тергеудегі қылмысты жасауға кінәлі тұлғаны және барлық ақиқатты анықтау міндетін шешуге мүмкіндік беретіндей тергеу шараларының көлемін қарастыруы тиіс. Жалпылама түрде айтар болсақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен бекітілген төмендегідей сұрақтардың жиынтығы қамтылуы тиіс: не болды, қайда, қашан, қандай жағдайда, кім жасады, кімнің және ненің көмегімен, неге.  Сондықтан кез-келген түрдегі қылмыстарды соның ішінде қасақаналықпен кісі өлтіруге қатысты тергеу әдістемесін жасақтаудың басты мақсаты тергеу аппараты жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыруды негізгі бағыт ретінде бағалайтын, қылмысты тергеудегі негізгі тұлға болып табылатын тергеушіні заман талабына сай, ғылыми негізде жасақталған және практикада өзінің тиімділігін дәлелдей білген нұсқаулар мен әдістемелік тәсілдермен жарақтандыру болып табылады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
101 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
157 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
396 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
878 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1256 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1153 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1615 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2231 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2396 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2403 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2454 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2459 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2068 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2938 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2992 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2986 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3599 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3567 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3558 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3534 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3694 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»