8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2019 1514 0
Мәслихат жаршысы

«ДЕПУТАТТАР АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖАСАМАЙДЫ»

Мәлік ҚҰЛШАР, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы:

–     І шақырылған мәслихат депутаттары үшін 1994-1999 жылдары бірінші кезекте халықты әлеуметтік қорғау, зейнеткерлер, ардагерлер, тұрмыс деңгейі төмен азаматтар секілді мұқтаж топтарға атаулы көмек көрсету сияқты көкейтесті мәселелері тұрды. Экономиканы, тұрғын үй коммуналды шаруашылықтар жүйесін реформалау, агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарын қайта құру, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, бюджеттік түсімдер, салық және өзге де қаржылармен толықтыру сияқты мәселелерді шешу қажет болды.

1995 жылдың 30 тамызында Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Ата заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті екі Палата: Сенат және Мәжілістен құралатын болып айқындалды. Осы уақыттан бастап облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары –  таңдаушылар ретінде өздерінің бірлескен отырысында Парламент Сенаты депутаттарын сайлап келеді. Яғни жанама сайлау арқылы мәслихат депутаттары жоғары Заң қабылдаушы орган Сенат құрамын қалыптастыруға тікелей қатыса бастады. ІІ шақырылған мәслихат депутаттары сайланған  кезде 1999-2003 жылдары еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға алғашқы қадамдар жасай бастады. Мәслихаттар алдына қойылатын кез – келген сұрақтарды талқылауда мәслихат депутаттары, ең алдымен тұрғындарды еңбекпен қамту, жұмыссыздыққа жол бермеу, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрмысы төмен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында облыс халқының барлық топтарының мүддесінен шыға отырып жұмыс істеді. Атап өту керек, мәслихаттың І және ІІ шақырылған депутаттары қоғамдық жұмыстарға белсене араласа жүріп кең көлемде тәжірибе жинақтай білді. Осылайша өлкемізде «жергілікті парламентаризм» институты бірте – бірте қалыптаса бастады. Елімізде мәслихаттар қызметі уақыт өте келе нақтыланып, мәслихат депутаттарына аймақтың негізгі мәселелері мен оларды тиімді шешу барысында өз мүмкіндіктерін айқын көрсетуге жағдай туғызатын өзгерістер енгізіле бастады. 2001 жылы 23 қаңтарда «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару туралы» жаңа Заң қабылданды. Осы заңда мәслихаттардың және мәслихат депутаттарының өкілеттігі нақты айқындалды. ІІІ шақырылған мәслихат депутаттары 2003-2007 жылдары мемлекеттік басқару туралы жаңа Заң талаптарына сәйкес, аймақтың экономикалық әлеуетінің артуына, бюджеттік түсімдердің толығуына, өлкемізде кен орындарын игеруші шетел компаниялардан түсетін салықтың молаюына өз үлестерін қоса білді.

2004 жылы 14 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының негізінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару туралы» қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес, содан бері мәслихаттарға саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы бойынша аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы қосымша өкілеттік берілді. Жергілікті атқарушы органдардың мәслихаттар алдында жауапкершілігін арттыру мақсатында 2006 жылы «Әкімдердің мәслихаттың алдында есеп беруін өткізу туралы» Елбасының Жарлығы жарияланды. Бұл Жарлыққа сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері жылына бір рет мәслихат депутаттары алдында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есеп беруі дәстүрге енгізілді.

2007 жылы 21 мамырдағы Елбасының қол қойған ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң, еліміздің дамуындағы жаңа қадам болды. Осы заңдағы өкілді органдардың өкілеттігін кеңейту және рөлін арттыру, мәслихаттарға жергілікті өзін – өзі басқару мәселесін шешу жөніндегі өкілеттікті беру туралы баптары қоғамда үлкен талқылау туғызды. Жергілікті өкілді органдардың өкілеттігін кеңейту және рөлін арттыру туралы өзгерістер, мәслихат депутаттарының ағымдағы мәселелерді шешуге белсене араласуларына үлкен мүмкіндіктер туғызды.

Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2007 жылдан бастап Парламент Мәжілісінің депутаттары партиялық тізімдер бойынша сайланатын болып айқындалды. Осы өгерістерге сәйкес осы жылдан бастап Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы қатар өткізіліп келеді. Осы Конституциялық өзгерістер бойынша «Нұр Отан» партиясының конференцияларында әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарына кандидаттар ретінде «Нұр Отан» партиясының белсенділері ұсыныла бастады. Біз бүгін облысымыздағы мәслихат депутаттары қатарында «Нұр Отан» партиясы мүшелері 98%-ды құрайтынын мақтанышпен айта аламыз.    ІV шақырылған мәслихат депутаттары 2007-2012 жылдары өкілді органдардың өкілеттігін кеңейту туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, аймақтың экономикалық дамуына жаңа серпін берген салалық бағдарламалардың қабылдануына, мемлекеттік бағдарламалардың өлкемізде жүзеге асуына бақылау орнатуға өз үлестерін қоса білді. V шақырылған 2012-2016 жылдары және VІ шақырылған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Батыс өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бірлік пен ынтымақтасты сақтауға өз үлестерін қосып келеді.

Жиырма бес жыл ішінде 951 жерлесіміз алты шақырылымдағы облыстық, Орал қалалық және аудандық мәслихат депутаттары болып сайланып, екен. Біздер қазіргі ұрпақ облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары қатарында Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұлов, Социалистік Еңбек Ері Владимир Нагурный, Қазақстандағы газ саласының ірі ұйымдастырушысы Есет  Әзербаев, ҚР Ішкі істер Министрлігі жүйесінің ардагері, генерал-майор Асылбек Жаманбаевтың болғанын мақтан тұтамыз. Қазақстан Республикасының егемен ел болуына жергілікті жерде белсене атсалысқан аға буынның өмір жолы қазіргі жастарға өнеге.

Аға буын салған жолмен ұрпақтар сабақтастығын үзбей жалғап келе жатқан бүгінгі мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының саяси құрылысын берік қалыптастыруға, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтай отырып, саяси реформалардың терең енуіне сүбелі үлестерін қоса білді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «…халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ, болуы да мүмкін емес» деп атап көрсетіп еді. Қазақстан мемлекетінің көк туы бейнеленген белгіні жүрек тұсында тағып жүру – әрбір Қазақстан азаматына тағдыр сыйлаған бақыт. Ал облыс, қала және аудан тұрғындары атынан шешімдер қабылдауға атсалысу – аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мәслихат депутаттары осы жауапкершілікті терең түсініп, оның ауыр жүгін абыроймен атқарып жүр.

Біз бүгін жиырма бес жыл ішінде әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар уақыт сынынан сүрінбей өтті деп толық сеніммен айта аламыз. Әр шақырылымда депутаттық корпус құрамы өзгеріп отырғанымен, мәслихаттардың жұмыс ұстанымы, мәслихат депутаттарының қоғамдық қызметіне деген көзқарасы өзгерген жоқ – ол облыс, қала және аудандар тұрғындарының мүддесінен шыға білу, өзекті мәселелерді шешуге кәсіби және жауапкершілікпен қарау. Болашақта да алдымызда тұрған биік міндеттерді еңсеруде кәсіби біліктілік, жоғары парасаттылық, азаматтық үлгісін көрсете беретіндеріңізге сеніміміз мол.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
108 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
161 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
404 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
885 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1263 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1157 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1622 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2239 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2404 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2411 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2461 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2466 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2072 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2946 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2999 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2993 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3606 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3575 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3566 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3541 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3702 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»