8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Сәуір 2019 1576 0
Жалын

ДИМАШ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛУДЕ

29 маусымда «Астана-Арена» стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттердің 70%-ы сатылып кеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Qazaqstan» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Дүние жүзіне әйгілі жас қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылық концертіне билеттер сатылымға шыққан күннен кейін, яғни бір аптадан соң 11099, ал қазіргі күні 15156 билет сатылып кеткен.Концертке билет сатып алушылардың ең көбі – қазақстандықтар, одан кейін Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Түркия, Нидерланды, Румыния, Польша және тағы басқа елдерден. Ең алыс елдердің арасында Бразилия, Мексика, Африка, Канада, Австралия секілді елдердің азаматтары бар.

«Концертке соңғы бір айдан бері Qazaqstan телеарнасының шығармашылық ұжымымен бірлесе қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Жазда өтетін жеке кешінде Димаш Құдайберген жаңа әндерін де орындайды. Әр номер ортақ  идеяны  жеткізетін жеке оқиға, мини-спектакль десе болады. Қазіргі сәтте барлық техникалық жағдай, мультимедиалық шешімдер, сахнаны безендіру, дыбыс пен жарық мәселесі шешілді. Енді декорация мен реквизит қарастырылып жатыр», – деді Ерлан Қарин.

Тіпті концертте арнайы кастингтен өткен бишілер ғана Димашпен бірге бір сахнада өнер көрсете алады.
Сондай-ақ, ең бастысы Қазақстан телерадиокорпоркациясы Димаш Құдайберген жайында деректі фильмнің түсірілім жұмыстарын бастап кетті. Мұнда оның сахнадан тыс өмірі, түрлі халықаралық концерттеріне дайындық барысы жан-жақты қамтылады. Қазірдің өзінде бірнеше түсірілімі түсірілген.

«Біздің түсірілім командасы Димаштың Мәскеу мен Қытайда ұйымдастырған концерттеріне дайындығын түсіру үшін арнайы сонда барды. Ең бастысы көрермендер оның бұрын-соңды көрмеген бейнематериалдарын тамашалай алады. Деректі фильм көрермен назарына шамамен күз айында жол тартады», – деді «Qazaqstan» РТРК АҚ Басқарма төрағасы. 

Ұлттық арна көрермендеріне арнап, «Kinomax» жаңа мобильді қосымшасын жасап шығарды. Бұны әзірлеуге шамамен жарты жыл уақыт кеткен.

«Кез келген адам Android және IOS платформаларында тәулік бойы видеосервистерді қолдана алады. Бұл жерден соңғы және танымал отандық телехикаялар, көркем және деректі  анимациялық фильмдерді онлайн режиммен қатар оффлайн режимде де көруге болады. Бұдан бөлек, тағы басқа қызықты жаңадан шыққан контенттер де кірістірілген», – деді ол.

Сондай-ақ, кішкентай бүлдіршіндерге арналған парақшалар да бар. Бұдан трендтегі әрі қызықты дүниелерді тамашалуға таптырмас мүмкіндік.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
55 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
400 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
494 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
737 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1005 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1232 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1270 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1421 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1617 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1846 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1932 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2044 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2049 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2083 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2083 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2189 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»