8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Сәуір 2019 2115 0
Өзек

АЙДАНАНЫ ӨЛТІРІП…

БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында 25 жасар қала тұрғынын айуандықпен өлтірген Александр Бесштановқа үкім шықты. Ол енді өмірінің 13 жыл жарым уақытын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше жағдайлар мекемесінде өтейтін болады.

25 жасар Айдана есімді қала тұрғынын Александр Бесштанов 2 рет ұрып құлатып, буындырып өлтірген. Оқиға өткен жылдың күзінде болған. «Депо» ауданы маңындағы көңіл көтеру орнында танысқан олар бір-бірімен телефон нөмірлерін алмастырады. Осылайша, Александр марқұмды Джангалинская көшесінде тұратын үйіне шақырып, көңіл көтереді. Екеуі де ішімдікке тойып соңы жанжалға ұласады. 40 жастағы Александр Айдананы өлтірген соң заттай айғақтардың көзін жою мақсатында қыздың ұялы телефоны мен киімдерін өртеп, әжетханаға тастайды. Артынша  аяқ-қолы мен аузын матап байлап, оны да әжетханаға салып жібереді. Судья Бахыт Ермаханов Бесштановтың үстінен сот ҚР ҚК 99 бабы адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

– Аталған бап бойынша 13 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын қолдану және бұрынғы жасаған қылмысы бойынша екі үкімнің жазасын ішнәрі қосу арқылы 13 жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айрылды. Қауіпті қылмыстың қайталануы ҚР 14 бабы бойынша қылмысты қайталау бар. Сондықтан оған қылмыстық атқару жүйесінің төтенше жағдайлар мекемесінде өтейтін болады, – деді судья Ермаханов.

Қылмыскердің жасы 40-та, әйелі мен екі баласы бар. Ал жәбірленуші тарап, шыққан үкіммен келісетіндерін жеткізді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізде болса, Айданаға өткен жылдың қазанында іздеу салынған болатын. Ал оқиға желтоқсан айында анықталған.

Айнұр ҚҰРМАШ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
103 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
77 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»