8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Сәуір 2019 2113 0
Өзек

ОРАЛДА БІР АЙДА ТӨРТ РЕТ АДАМ ТОНАҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

 Орал қаласы полиция басқармасы  бірнеше рет әйел адамдарға  шабуыл жасап, жеке мүліктерін тартып алған ер адамды ұстады.

Мәлім болғандай, 1971 жылы туылған, отбасын құрмаған, еш жерде жұмыс жасамайтын А. есімді жігіт наурыз айы ішінде 4 рет адам тонаған.  Еуразия даңғылы, Құрмағазы мен О.Исаев көшелері бойында қараңғы уақыттарда жалғыз өзі бейқам кетіп бара жатқан бойжеткен, студент қыздар, келіншектер тонаудың құрбаны болыпты. Жалпы әйел адамдарға ғана шабуыл жасап, қолындағы сөмке, әмиян, ақша, ұялы телефондарын тартып алып отырған. Жымысқы ойын көпшілік ортадан тасаланып, келесі көшеге жалғыз бұрылғанда немесе шамы көмескі көше тұстарына барғанда, төңірегінде өзге кісілер жоғын біліп жүзеге асырған. Кейбір әйел адамдарды үй подъездері алдында күтіп  тұрып, артынан ілесіп ұрып-соғып, физикалық күш көрсетіп, қолындағы барын тартып алған. Жәбірленушілерден тартып алған ақшаны жойып, өз керегіне жаратқан. Бірінен  6, 10, 20, 50 мың теңге мен алтын бұйымдарын сыпырып алған. Мысалы, 8 нурызда О.Исаев көшесі бойында қаладағы бір ірі жоғары оқу орнының студентіне күш көрсету арқылы шабуыл жасап, ашық түрде 583 сынамалы алтын сырғасын, 2 күміс сақинасы мен 6 мың теңге ақшасын тартып алған.

Осылайша, жалғыз өзі бір айда төрт әйел адамды тонады. Адам тонағыш күдіктінің соңына түскен тәртіп сақшылары кезекті тонау барысында қолға түсірді. 1971 жылғы күдіктінің бұған дейін де қарақшылық шабуыл мен тонауға қатысты заң алдында жауапталғаны анықталды.

Бүгінгі күні 4 эпизодпен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сурет ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»